- «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңін өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
- Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
- Форумның міндеттері:
1) өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру;
2) кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту;
3) көрнекті тұлғаларды анықтау және қолдау, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту;
4) жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту;
5) білім алушылардың түрлі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға және жұмыспен тәжірибе алмасуға ықпал ету.
- Форумды өткізу мерзімі және орны
- Форум 2022 жылғы 4 ақпан күні өткізіледі.
- Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы іліспе хат пен өтінімдері 2022 жылғы 27 қаңтарға дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
- Хатқа мыналар қоса тіркеледі:
1) Форумның аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық форумға қатысуы туралы өтінімі, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымы, жауапты жетекші толық Т.А.Ә., жетекшінің байланыс телефон нөмері);
2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жіберіледі.
- Форумға қатысушылар
- Форумға аудандық, қалалық форум кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 11-17 жас (18 жасқа дейін).
- Жалпы қатысушылардың саны – (әр аудан, қаладан 10 қатысушы).
- Форумды өткізудің шарттары мен тәртібі
- Форумның іріктеу кезеңдері:
1) бірінші кезең-аудандық, (қалалық), облыстық;
2) екінші кезең-Республикалық форум;
- Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Осындай мамандық бар» (3 қатысушы – 1 қазақ, 1 орыс, 1 ағылшын тілдерінде) – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың презентациялар байқауы.
Жұмыста ұсыналатын ақпарат:
– маманның, мамандық аталуының шығу тарихы;
– авторға осы мамандықтың (тақырыптың) қызықтыру себебі;
– мамандықтың мазмұны;
– осы мамандық бойынша атақты адамдар;
– мамандықтың оң және кері (жақсы – жаман ) жақтары;
– осы мамандықтың адамдары қажет салалар;
– берілген тақырып бойынша қосымша ақпарат, пайдалы кеңестер, жеке зерттеу;
– пайдаланылған ақпарат көздері (кітаптар, сілтемелер).
Байқау материалдарына талаптар: слайдтың саны 8-ден артық емес; файлдың көлемі – 5 МБ-тан көп емес; PowerPoint форматы; презентацияны әуенмен сүйемелдеуге, суреттер қоюға болады; презентацияда бір стиль сақталуы қажет (түсі, қаріп – көлемі, сызылуы, туралауы). Бастапқы бетте автордың Т.А., сыныбы, жетекшісінің Т.А.Ә. көрсетілуі керек. Байқау материалдары kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына 2022 жылғы 27 қаңтарға дейін ұсынылады. Ереже талаптарына сай келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.
Бағалау өлшемдері:
ақпараттың өзектілігі: (өзекті, өзекті емес, өзектілігі аз);
ақпаратты жобалау мен ұсынудағы шығармашылық көзқарас;
техникалық талаптарға сәйкестілігі;
таңдалған номинацияның тақырыбы мен мазмұнының сәйкестігі,
ақпараттың логикалық және дәйекті орналасуы;
тақырыпты ашу (мазмұнның толықтығы);
қатысушылардың өз пікірлерінің болуы;
слайдтар санының талаптарға сәйкестігі;
слайдтарда мәтіндік және графикалық ақпараттың мақсатқа сәйкестігі.
Номинация бойынша презентацияны қорғау уақыты: 3-5 минут.
- «Мамандықты таңдайтын уақыт» – (3 қатысушы: 1 қазақ, 1 орыс, 1 ағылшын тілдерінде) – видеовлогтар байқауы (бейне әңгіме).
Влогқа қойылатын жалпы талаптар: форумға қатысуға болашақ тиімді мамандық таңдау бойынша тақырыпты ашуға бағытталған видео роликтер қабылданады. Еркін таратылатын кітапханалардан футаждарды (footage) музыка саундтрегі ретінде, сондай-ақ өзі шығарған музыкасын пайдалануға болады. ҚР заңнамасын қандай да бір тәсілмен бұзатын экстремизмді, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті, ұлтшылдықты, алкогольді, темекі шегуді, есірткіні пайдалануды насихаттайтын роликтерге жол берілмейді. Ереже талаптарына сай келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.
Видеороликке қойылатын техникалық талаптар:
роликтің ұзақтығы: 5 минутқа дейін;
кадр тараптардың қатынасы: 16:9;
стандартты ажыратымдылығы: HD, Full HD;
форматы: МП4.
Қашықтық форматында www.youtube.com каналында 5 минуттық влогқа сілтеме kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына 2022 жылғы 27 қаңтарға дейін ұсынылады.
Бағалау өлшемдері:
роликтің көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
мазмұны (кемінде 3 мамандық аталуы көрсетілуі тиіс);
техникалық іске асыру: видео түсірілім сапасы;
материалды беру мәнерлілігі (мәнерлілік құралдар: графика, анимация, видео және аудио эффектілері);
видео ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау (5 минуттан аспайды).
білікті мамандармен видео сұхбат форматын сақтау: видеода сұрақтарға жауап беретін кем дегенде бір ересек адам болуы тиіс.
- «Менің кәсібім – менің бизнесім» (қатысу жасы: 14-18), (2 қатысушы, 1 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде) бизнес-жоспардың жобасын қорғау байқауы.
Қорғауда қойылатын жалпы талаптар: слайд 10 беттен артық емес, файлдың өлшемі – 8 МБ, бизнес-жоспардың бастапқы бетінде облыс, оқу орнының аталуы, жобаның тақырыбы, өз аты-жөні, сыныбы, жетекшінің аты-жөні, тегі көрсетілуі керек.
Презентация бір стильде жасалуы қажет (түсі, қаріп – көлемі, сызылуы, туралауы). Ереже талаптарына сай келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.
Бизнес жоспардың құрамы мен құрылымы: мақсаты, жобаның міндеттері, сипаттамасы, өзектілігі, жоба стратегиясы (іске асырылу мерзімі), маркетинг, өндіріс, қаржылық жоспары, қауіп-қатерді бағалауы.
Жобаны қорғау (сөйлеу шеберлігі мен мәнері, регламент сақталы, ақпаратты меңгеруі, жюридің сұрақтарына жауаптары).
Бағалау өлшемдері:
бизнес-идеяның толықтығы, ашылуы;
жобаның елдің заманауи экономикалық дамуы үшін өзектілігі;
ұсынылған ақпараттың құрылымдылығы мен дәйектілігі;
жоспарды ойластыруы, тәуекелділікті ескеруі;
безендіру сапасы мен көрнекілігі.
Байқау материалдары kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына 2022 жылғы 27 қаңтарға дейін ұсынылады.
Номинация бойынша презентацияны қорғау уақыты 3-5 минут.
- «Мамандық кеше, бүгін, ертең» – вайндар байқауы (2 қатысушы – 1 қазақ, 1 – орыс тілдерінде). Байқауға нақты мамандық бойынша әлеуметтік желілерге арналған ойын-сауық видеоконтенті – вайн (бейнеәңгіме) ұсынылады.
Бұл номинация мамандықты бағалауда әр түрлі көзқарастың болуын, зерттеу дағдыларын: бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларды талдау, сауалнама жүргізу, сұрау, сұхбат жүргізу және т.б. қолдануды көздейді.
Вайнға қойылатын жалпы талаптар: форум тақырыбына сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген (жасалған) оқыту және ойын-сауық сипатындағы вайндар – видеороликтер Форумға ұсынылады. Байқауға басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын, конкурс тақырыбына сәйкес емес жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.
Видеороликке қойылатын талаптар:
видеоформаты: MPEG4;
видеороликтің ең аз ажыратымдылығы – 720;
видеороликтің ұзақтығы – 3-5 минутқа дейін;
видеороликтер автордың аты бар ақпараттық бастамалармен ресімделуі тиіс (видеороликтің аталуы, жалпы видеороликтің ұзақтығы);
қатысушының қалауы бойынша видеороликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану;
қатысушылар видеоролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, видеоклип, мультфильм және т. б.);
роликте фотосуреттер пайдаланылуы мүмкін.
Ереже талаптарына сай келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.
Бағалау өлшемдері:
жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі;
видеороликтің шығармашылдығы (идеяның жаңашылдығы, ерекшелігі, ойлау икемділігі);
ақпараттылығы;
видео жазба сапасы;
арнайы құралдарды иелену деңгейі;
жұмыстың эстетикасы.
Қашықтық форматында www.youtube.com каналында 3-5 минуттық вайнға сілтеме сонымен қатар мәтінге сипаттама kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына 2022 жылғы 27 қаңтарға дейін ұсынылады.
- Әр делегация үшін шығармашылық және зерттеу жұмыстарын номинациялар бойынша орындау міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір катысушы бір жобаны ұсынады.
Карантин кезінде Форум санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.
- Форумға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
- Форум қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
- Кәсіби әділ қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Форумның бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі нақты және хаттамамен ресімделеді.
- Форумның қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
- Анықтама телефоны мен мекен-жайы: 8(7242) 27-08-21, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі №2.
Толық ақпаратпен таныса аласыздар: