Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиада

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2018 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында РҒПО «Дарын» Кубогына Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиада өткізеді.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиада жайлы толық мағмұматты 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы білуіңізге болады.