Ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Ыбырай Жақаев-130 жыл» қашықтан облыстық жас қаламгерлер байқауы

Облыстық білім басқармасының
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№3-нқ/1 бұйрығына
қосымша №3 

Ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Ыбырай Жақаев-130 жыл» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас қаламгерлер байқауының ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ережелер 
  1. Облыстық білім басқарамасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Ыбырай Жақаев-130 жыл» атты тақырыпта қашықтан облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауының (бұдан әрі-Байқау) өткізу.
  2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері 
  1. Оқушыларға Ы.Жақаевтың еңбек жолын, өмірлік ұстанымын насихаттау.
  2. Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
  3. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі 
  1. Байқау 2022 жылдың 28 қаңтар күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтан өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі а.ж. 26 қаңтарына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
  2. Өтінім қабылдау мерзімінен кешіккен ұсыныстар қарастырылмайды.
  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары 
  1. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады.
  2. Ережесіне сәйкес:

– 7 сыныптар үшін- 90-100;

– 8 сыныптар үшін- 100-150;

  1. Байқау оқушының таңдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындалады:
  2. Шығарманы рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:

– автордың аты-жөні (толық);

– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;

– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;

  1. Бағалау критерийлері 
  1. Ең үздік шығарманы іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
  • ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
  • шығарманың мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
  • жазба тілінің сапасы;
  • зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
  • сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
  1. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  2. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау 
  1. Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Байқау нәтижесі 2022 жылдың 28 қаңтар күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny фейзбук әлеуметтік парақшасында жарияланады.

Толық ақпаратты 87783710833 байланыс нөмірінен білуге болады.