КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында қашықтан өтетін «Ақмаңдайлым» облыстық әншілер байқауы мен ақындар мүшайрасының облыстық кезеңі

КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың100 жылдық мерейтойына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында қашықтан өтетін «Ақмаңдайлым» атты облыстық әншілер байқауы мен ақындар мүшайрасының облыстық кезеңін өткізу ережесі

І. Жалпы ережелер

 1.1. Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Ақмаңдайлым» атты әншілер байқауы мен ақындар мүшайрасын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.

 ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  • КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау;
  • Шығармашыл, өнерлі, талантты жастарды анықтау, қолдау;
  • Өз өлкемізден шыққан қайраткер тұлғаларды танып-білуге тәрбиелеу;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру және сөз өнеріне, сахна мәдениетіне тәрбиелеу;
  • Жас таланттардың бойындағы өнердің көзін ашу;

 ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқаудың аудандық (қалалық) іріктеу кезеңі 2022 жылғы 28 қаңтарда жалпы білім беру ұйымдарында, облыстық кезеңі ағымдағы жылдың 4 ақпан күні, сағат 10.00-де Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 2 мекен-жайда орналасқан «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының базасында қашықтан өткізіледі.

Аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы хат пен өтінімдері 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін qabiletorda@mail.ru электронды поштасына жолданады.

Хатқа қоса:

Байқаудың аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық байқауға қатысуы туралы өтінім, қатысушылар туралы мәліметтер, әншілер байқауына қатысушының 2 әнін сапалы түрде бейнежазбаға түсіріп (бейнежазбада байқауға қатысушы ең алдымен өзін таныстырып өтуі қажет) жіберіледі. 

 Байқау 2 бағыт бойынша өткізіледі:

  • Әншілер байқауы;
  • Ақындар мүшайрасы.

 3.3. Әншілер байқауына қатысушылардың жас ерекшіліктері:

  • 10 жастан 13 жасқа дейін (1 оқушы)
  • 14 жастан 17 жасқа дейін (1 оқушы)

 3.4. Әншілер байқауына қатысушы өнерпаз Р.Бағланованың репертуарынан 1 ән, Қазақстан композиторларының әндерінен 1 ән орындайды (барлығы 2 ән) 

 3.5. Мүшайраға қатысушылардың жас ерекшіліктері:

  • 10 жастан 13 жасқа дейін (1 оқушы)
  • 14 жастан 17 жасқа дейін (1 оқушы)
    1. Мүшайраға қатысушы талапкер өз шығармашылығынан 2 өлең оқиды (Р.Бағлановаға арнау және еркін тақырыптағы өлең)
    2. Мүшайраға қатысушылар zoom платформасы арқылы қатысып, өз өлеңдерін оқиды.
    3. Байқау кезінде оқушыға еркін тақырып беріліп, сол бойынша қатысушы өлең жазады.
    4. Мүшайраға қатысушының 2 өлеңін 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін qabiletorda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Байқаудың шарттары мен тәртібі

Байқаудың іріктеу кезеңдері:

  • Бірінші кезең – аудандық;
  • Екінші кезең-облыстық;

Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

  4.1. Әншілер байқауына қатысушылардың әнді орындау шеберлігі, сахна мәдениеті, киім үлгісі, жіберілген бейнежазбаның сапасы;

 4.2. Ақындар мүшайрасына қатысушылардың тақырыпты аша білуі, өлеңнің ұйқасы мен сөз мағынасын сақтауы, сахна мәдениеті, өлеңді жатқа, мәнерлі оқуы назарға алынады.

 4.3. Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен Қызылорда облысының білім басқармасының І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттармен марапатталады.

 4.4. Байқау қорытындысы 2022 жылғы 4 ақпан күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.

 Анықтама телефондары мен мекен-жайы: 8 (7242) 27-08-21, Қызылорда қаласы, Әйтеке би, №2

 

Байқауға қатысушының өтінімі

Қатысушының аты-жөні

 

Ауданы (қаласы), мектебі,сыныбы

 

Жасы

 

Қатысатын номинациясы

 

Орындайтын шығармасы

1.

2.

 

Шығарманың авторлары (ән байқауы үшін)

 

 

Қатысушының жетекшісі, байланыс нөмірі

 

 Сұрақтар туындаған жағдайда +77770675239 байланыс нөміріне хабарласуға болады.