«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережесі оның мақсатын, міндеттерін, форматын, оны ұйымдастыру, өткізу және қорытынды шығару тәртібін айқындайды.
  3. Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.
  4. Фестиваль-байқаудың міндеттері:

1) білім алушыларды хореографиялық өнерге, тарихи мұраға, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру;

2) би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу;

3) балалардың бойында ұлттық мәдениетке, халық дәстүрлеріне патриотизм, құрмет және ұқыпты қарау сезімдерін тәрбиелеу;

4) шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ақпараттық қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибелерімен алмасу.

  1. Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитетінің және фестиваль-байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.
  2. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
  3. Фестиваль-байқау 2022 жылғы 4 наурыз күні өткізіледі.

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы іліспе хат пен өтінімдері 2022 жылғы 25 ақпанға дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.

  1. Хатқа мына құжаттарды тіркеу қажет:

1) Фестиваль-байқаудың аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық фестиваль-байқауға қатысуы туралы өтінімі, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымы, жауапты жетекші толық Т.А.Ә., жетекшінің байланыс телефон нөмері);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

  1. Фестиваль-байқауға қатысушылар
  2. Фестиваль-байқауға орта және қосымша білім беру ұйымдарының би ұжымдары – аудандық, қалалық хореографиялық байқаулардың жеңімпаздары қатысады. Қатысушылардың жасы – 2005-2012 жылы аралығында туылған.
  3. Қатысушылардың жалпы саны – (9 білім алушы).
  4. Фестиваль-байқауды өткізу шарттары
  5. Хореографиялық шығармашылықты танымал ету, іс-шараларға қатысу арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Фестиваль-байқау екі кезеңде өткізіледі.

1 Фестиваль-байқаудың іріктеу кезеңдері:

1) бірінші кезең-аудандық, (қалалық), облыстық;

2) екінші кезең-Республикалық фестиваль-байқау;

 

Фестиваль-байқау өңірлік кезеңде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе өңірдің бас санитарлық дәрігерінің ұсынымдарын ескере отырып қашықтан өткізіледі.

 

  1. 10. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) халық биі және халықтық стильдегі би:

а) әлем халықтарының билері;

б) қазақ биі;

2) заманауи би:

а) эстрадалық би;

б) аралас би.

Би ұжымдары әр номинацияға ұзақтығы 5 минутқа дейін бір байқау нөмірін ұсынады.

  1. Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.

Бағалау критерийлері:

стильдердің үйлесімінің өзгергіштігі, өзіндік ерекшелігі және үйлесімділігі;

композициялық шешім;

би қойылымы-идея;

техника және орындау деңгейі;

жоғары сапалы орындау

көркемдік және сюжеттік;

сахналық көрініс (костюм).

  1. Қорытынды шығару және фестиваль-байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
  2. Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, сондай-ақ «Үздік хореографиялық қойылым», «Би қойылымының ерекшелігі үшін», «Сахналық шеберлігі үшін» номинациялары бойынша марапатталады.
  3. Мекен-жайы:, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі №2.Тел/факс: 87057016446

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауға қатысуға

өтінім

№ р/с

Ұжым аталуы

Номинация аталуы

Қатысушының тегі, аты

Туған күні, айы, жылы

Тұрғылықты жері, (облыс, қала, ауыл, телефон)

Оқу орны, сыныбы

Баратын мектептен тыс ұйымның атауы

Жетекшінің  Т. А. Ә.

Байланыс телефоны, тұратын мекенжайы