.«Біздің айналамыздағы экономика» экономикалық ойындары

.«Біздің айналамыздағы экономика» экономикалық ойындардың ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1.  «Біздің айналамыздағы экономика» экономикалық ойындарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі- Экономикалық ойын).

1.2. Экономикалық ойынды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Экономикалық ойынның мақсаты мен міндеттері:

– Оқушылардың экономикалық білімдерін жетілдіру;

– Жас жеткіншектердің қаржылық сауаттылық пен экономикалық базалық деңгейін қалыптастыру және кәсіптік бағдар беру;

– Экономика саласында дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау және құрбы-құрдастарының арасында экономикалық білімді кеңінен насихаттау;

– Жас дарындардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, өзін-өзі дамыта отырып, шыңдауына қолдау білдіру.

  1. Экономикалық ойынға қатысушылар

3.1. Ойынға жалпы білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары, аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары қатыса алады.

3.2. Ойынға қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2022 жылдың 14 ақпанға дейін тапсырады.  Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны толық көрсетілуі қажет.

3.3.Ұйымдастыру комитетінің мекен- жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, №2. Тел/факс: 87057016446 е-mail: kosymsha.bilim.bery@mail.ru

  1. Ойынды өткізу тәртібі мен шарттары

4.1. Ойын 2 кезеңде өткізіледі:

1-кезең – қалалық, аудандық – 14 ақпанға дейін;

2-кезең–облыстық кезең – а.ж. 18 ақпан күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында ZOOM платформасында өткізіледі.

Әр ауданнан бір команда қатыса алады. 

4.2. Ойын 2 кезеңнен тұрады:

І кезең:

«Бизнес жоспар» қорғау (5мин)

ІІ кезең:

«Өз бизнесімізді бастаймыз»   презентация таныстыру (7-8мин)

  1. Қазылар алқасы және марапаттау

5.1.Қазылар алқасының мүшелері топтарды 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды.

5.2. Экономикалық ойынның қорытындысы бойынша жүлдегерлер облыстық білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диломдарымен марапатталады .

Экономикалық ойынға қатысу туралы өтінімнің үлгісі (Excel толтыру)

Оқушының аты-жөні

Ауданы

Мектебі (ауыл, № лицей, гимназия)

Сыныбы

Кезең атауы

Дайындаған пән мұғалімінің аты-жөні, байланыс нөмірі, почтасы

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

        Жетекшісі: (аты-жөні, нөмірі)

 

(Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады.)