“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі оқу семинары

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы 2018-2019 оқу жылының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылғы 14 қыркүйек күні мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін көтеру мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде аудандық, қалалық және облыстық мекемелердегі жауапты мамандарға түсіндірме оқу-семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – Қазақстан республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қосымша білім беру мекемелерінің жауапты мамандарының кәсіби шеберліктерін арттыру.

Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және облыстық мекемелерден жауапты мамандар шақырылады.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақ есебінен.

Семинардың өткізілу уақыты: 14 қыркүйек, сағ. 16.00