Ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Ыбырай Жақаевқа-130 жыл» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас қаламгерлер байқауының АНЫҚТАМАСЫ

2022 жылы 28 қаңтар күні облыстық білім басқарамасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Ыбырай Жақаевқа-130 жыл» атты тақырыпта қашықтан облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу)байқауы өткізілді.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1.  Оқушыларға Ы.Жақаевтың еңбек жолын, өмірлік ұстанымын насихаттау.

2. Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

3. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.

Байқауға барлығы 29 оқушы қатысып, 10 оқушы білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І орын иегері:

  1. Әбілғазы Нұрхан Шыңғысханұлы-Арал ауданы, №75 орта мектебі

ІІ орын иегерлері:

  1. Құттықожа Ернар-Жаңақорған ауданы, №160 орта мектебі
  2. Петрова Богдалина-Шиелі ауданы, №127 орта мектебі
  3. Рүстемұлы Руслан-Қызылорда қаласы, №144 орта мектебі

ІІІ орын иегерлері:

  1. Әбдіхалық Досымжан-Жаңақорған ауданы, №53 орта мектебі
  2. Қапанова Балнұр-Шиелі ауданы, №45 орта мектебі
  3. Шакида Жанерке-Шиелі ауданы, №41 орта мектебі
  4. Орынбасар Әмина-Жаңақорған ауданы, №239 орта мектебі
  5. Рақашев Қайыржан-Қармақшы ауданы, №85 орта мектебі
  6. Рахметқали Қарақат-Арал ауданы, №177 орта мектебі