- Жалпы ережелер
 
- Облыс әкімінің «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасын (2021-2023 ж.ж.) іске асырудың 2022 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Отбасым-бақыт мекені» атты тақырыпта қашықтан облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізу.
 - Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
 
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
 
- Отбасы құндылықтарын іштей түсіне отырып оның мәні мен маңыздылығын көркемдеп шығарма жазу арқылы қоғамға насихаттау.
 - Оқушының ойлау қабілетін арттыру, ана тілінде сөйлеп, сауатты жаза білуге жаттықтыру.
 - Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
 - Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
 
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
 
- Байқау 2022 жылдың 24 ақпан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтан өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі а.ж. 21 ақпанына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
 - Өтінім қабылдау мерзімінен кешіккен ұсыныстар қарастырылмайды.
 
- Байқаудың рәсімделу шарттары
 
- Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады.
 - Байқауға қатысушы оқушы өз таңдауымен шығарманы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындайды:
 - Шығарма 2 беттен аспауы тиіс:
 - Шығарманы рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:
 
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
- Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі
 
- Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз ретінде алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.
 - Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
 - Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.
 - Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады.
 - Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты қысқа, нақты түрде берілуі керек.
 - Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен берілмейді.
 - Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.
 - Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше, жыл, күн – араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен берілуі керек. Шығармада барлық сан есімдер сөзбен жазылады.
 - Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
 - Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
 - Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс белгілеріне байланысты барлық ережелерге сүйену керек.
 
- Бағалау критерийлері
 
- Ең үздік шығарманы іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
 
- ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
 - шығарманың мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
 - жазба тілінің сапасы;
 - зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
 - сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
 
- Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады. 
 - Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
 
- Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
 
Байқау нәтижесі 2022 жылдың 24 ақпан күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny фейзбук әлеуметтік парақшасында жарияланады.
Толық ақпаратты 87783710833, 87076147975 байланыс нөмірінен білуге болады.