Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері және ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығана орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбындағы облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауының

 

 

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері және ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығана орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбындағы облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Облыстық білім басқарамасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіптік және техникалық білім беру студенттері және ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты тақырыпта облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізу.
  2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

  1. Отбасы құндылықтарын іштей түсіне отырып оның мәні мен маңыздылығын көркемдеп шығарма жазу арқылы қоғамға насихаттау.
  2. Жастардың ойлау қабілетін арттыру, ана тілінде сөйлеп, сауатты жаза білуге жаттықтыру.
  3. Студенттер және оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
  4. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық

 әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

  1. Байқау 2022 жылдың 24 наурыз күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі а.ж. 19 наурызына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
  2. Байқауға І кезең бойынша 1орын иегерлері ғана қатыса алады.
  3. Өтінім қабылдау мерзімінен кешіккен ұсыныстар қарастырылмайды.

 

  1. Байқаудың рәсімделу шарттары

 

  1. Байқауға кәсіптік және техникалық білім беру студенттері және жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады.
  2. Байқауға қатысушы оқушы өз таңдауымен шығарманы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындайды:
  3. Шығарма 2 беттен аспауы тиіс:
  4. Шығарманы рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:

– автордың аты-жөні (толық);

– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;

– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;

 

  1. Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі

 

  1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз ретінде алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.
  2. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
  3. Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.
  4. Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады.
  5. Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты қысқа, нақты түрде берілуі керек.
  6. Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен берілмейді.
  7. Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.
  8. Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше, жыл, күн – араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен берілуі керек. Шығармада барлық сан есімдер сөзбен жазылады.
  9. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
  10. Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
  11. Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс белгілеріне байланысты барлық ережелерге сүйену керек.

 

  1. Бағалау критерийлері

 

  1. Ең үздік шығарманы іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
  • ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
  • шығарманың мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
  • жазба тілінің сапасы;
  • зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
  • сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
  1. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  2. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

 

  1. Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Байқау нәтижесі 2022 жылдың 24 наурыз күні syr-daryny.kz ресми сайты

мен @syrdaryny фейзбук әлеуметтік парақшасында жарияланады.

Толық ақпаратты 87242710189 байланыс нөмірінен білуге болады.