«Арал теңізі және экология» тақырыбындағы облыстық ғылыми жоба байқауы

 

 

«Арал теңізі және экология» тақырыбындағы облыстық ғылыми жоба байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасын (2021-2023 жж.) іске асырудың 2022 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Арал теңізі және экология» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
  2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Оқушылардың зерттеушілік, оқу-танымдық қызметтерін ынталандыру; инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

2.2. Ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;

 2.3. Арал теңізі және экологиясын зерттеу;

2.4. Жас ғалымдардың экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыру.

 2.5. Білім алушылардың сөйлеу,есте сақтау,қабілетін дамыту,ой-өрісін кеңейту;

2.6. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, cөздік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

3.1. Байқау 2022 жылдың 30 наурыз күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында өткізіледі. Оқушы жұмыстарын ұсынысқа қосып жіберу қажет. Байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды 2022 жылдың 25 наурызға дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

3.2. Байқауға қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Ғылыми жобалар осы Ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға негізделіп жасалуы қажет. Байқауға (құрамы 2 адамнан аспайтын) топтық жұмыс қатыса алады.

3.3. Байқауға ұсынылған ғылыми жобалар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

3.4. Ғылыми жоба ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа байқауға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәліметтер беруге жол берілмейді, республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар ғылыми жобаға қатысуға жіберілмейді.

 

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

 

4.1. Ғылыми жоба оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;

4.2. Жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:

– титул парағы;

– мазмұны;

– абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының

қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;

– кiрiспе;

– зерттеу бөлiмi;

– қорытынды;

– пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;

4.3. Титул парағында мыналар көрсетiледi:

– жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;

– автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;

– жұмыстың атауы;

– жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

– қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;

4.4. Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың

қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:

– зерттеудің мақсаты;

– гипотезасы;

– кезеңдерi, зерттеудiң реті;

– тәжірибенің әдiстемесi;

– зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;

– жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;

4.5. Кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;

4.6. Жұмыстың зерттеу бөлiмi (10 беттен кем емес) жеке тараулардан

(параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:

– осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

– қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;

– жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

– суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);

4.7. Қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындылары.

4.8. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай

тәртiпте берiледi:

– автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;

– мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);

– журналдың, кiтаптың аты;

– басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);

– басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;

4.9. Әрбiр жұмыстың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;

4.10. Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 5-10 минут беріледі.

  1. Бағалау критерийлері

 

5.1. Ең үздік ғылыми жобаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • ғылыми жұмыстың жаңашылдығы, өзектілігі;
  • құрылымның негізділігі және мазмұнының қисындылығы, мәдениеттілігі;
  • арнайы әдебиетті пайдалануы және ақпаратты қолданудың түрлілігі, шеттілді әдебиеттерді қолдануы;
  • зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
  • сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
  • меншікті ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінің болуы, автордың өзіндік жұмыс тәсілі;
  • қорытындының және ұсыныстың болуы;
  • жұмыстың безендірілуі.

5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  1. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

 

6.1. Байқауды бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.

6.2. Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қосымша ақпарат алу үшін 87242-71-01-89 және 27-08-21.

Байқау нәтижесі 2022 жылдың 30 наурыз күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.

Translate/Перевести/Аудару