«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңі

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы ереже «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін (бұдан әрі – Фестиваль) мақсатын, міндеттерін, өткізу форматын, тәртібін және қаржыландыруын анықтайды.
  3. Фестивальдің мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
  4. Фестивальдің міндеттері:

1) балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;

3) өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;

4) балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал ету.

  1. Фестивальді ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамдарын қалыптастырады.
  2. Фестивальді өткізу уақыты мен орны
  3. Фестиваль 2022 жылғы 11 наурыз күні өткізіледі.
  4. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы іліспе хат пен өтінімдері 2022 жылғы 4 наурызға дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
  5. Хатқа мыналар қоса тіркеледі:

1) аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық фестиваль-байқауға қатысуы туралы өтінімі, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымы, жауапты жетекші толық Т.А.Ә., жетекшінің байланыс телефон нөмері);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) www.youtube.com каналында MP 4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтемелер.

  1. Фестивальге қатысушылар
  2. Фестивальге аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – республиканың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.
  3. Фестивальге қатысушылар саны: барлығы 10 білім алушыдан.
  4. Карантин кезінде Фестивальдің өңірлік кезеңдері санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтан жүргізіледі.
  5. Фестивальді өткізу тәртібі

11.Фестиваль екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік фестиваль;

аудандық (қалалық) фестиваль;

облыстық фестиваль;

2) екінші кезең (қорытынды) – Республикалық фестиваль.

  1. Фестивальге кез-келген жанрдағы және шығармашылық шешімдегі авторлық жұмыстар: дәстүрлі немесе сандық технологиялар көмегімен – бейнекамера, фотокамера және ұялы телефонмен монтаждалып түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер (бейнежинақ) қабылданады.
  2. Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;

2) ойынды кино – операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан  шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;

3) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик;

4) өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім – қалың  көрермен аудиториясының назарын қоғам мәселелеріне аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама;

5) анимациялық кино – кез-келген мультипликациялық техникада орындалған, компьютерлік немесе тақырыптық қозғалмалы иллюзияны құрайтын шығарма;

6) музыкалық клип – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеосы;

7) телевизиялық сюжет – ел өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқаша ақпаратты қамтитын кинохрониканың бір түрі;

8) киножурнал – қазіргі өмірді бейнелейтін жеке эпизодтар, көріністер бар қысқа метражды фильм;

9) ең үздік операторлық жұмыс;

10) ғылыми кино – ғылыми-зерттеу, ғылыми-көпшілік, оқу киносы.          

  1. Байқау жұмыстары келесі бағалау өлшемдері бойынша бағаланады:

1) фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы;

2) тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы;

3) өзектілігі, эмоционалдық әсері;

4) режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері);

5) музыкалық сүйемелдеу;

6) сценарийлік жұмыс.

  1. Байқау жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар:

фильмнің мазмұны тақырыпты ашуы;

өмір, жұмыс, балалардың қызығушылықтары, олардың армандары;

салауатты өмір салтын насихаттау;          

мейірімділік және қайырымдылық таныту;

ұрпақтар диалогы;

қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;

отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;

әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.

  1. Байқау жұмыстарын ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар.

Видеоның форматы: mp4 (16:9 көлденең түсірілген видео). Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер, титрлар мен субтитрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттер қолданылады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.

  1. Фестивальге бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды. Фестивальге ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Фестивальге ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.
  2. Фильм бөтен адамның авторлық құқығын бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлтаралық, діни ымырасыздық элементтері, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін зорлық-зомбылыққа және бұзуға шақырулар болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
  3. Фестивальдің ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.
  4. Қатысушыларды марапаттау
  5. Фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

  1. 6. Фестивальді қаржыландыру
  2. Фестивальдің аудандық, облыстық кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.

1-қосымша

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!»

балалар киносының республикалық фестиваліне қатысуға өтінім

 

Номинациясы

Жұмыстың аталуы

Орындаушының

Т. А. Ж.

Туған жылы, сыныбы

Телефон номері, мекенжайының адресі, эл. поштасы

Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі

 

Жетекшінің байланыс телефоны, 

эл. поштасы

1

«Деректі (ойынды емес) кино»

 

 

 

 

 

 

2

«Ойынды кино»

 

 

 

 

 

 

3

«STOP-MOTION-видео»

 

 

 

 

 

 

4

«Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім»

 

 

 

 

 

 

5

«Анимациялық кино»

 

 

 

 

 

 

6

«Музыкалық клип»

 

 

 

 

 

 

7

«Телевизиялық сюжет»

 

 

 

 

 

 

8

«Киножурнал»

 

 

 

 

 

 

9

«Ең үздік операторлық жұмыс»

 

 

 

 

 

 

10

«Ғылыми кино»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Translate/Перевести/Аудару