«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауынның облыстық кезеңін өткізу ережелері
- Жалпы ережелер
- Осы ереже «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
- Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
- Байқаудың міндеттері:
1) балалар мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару;
2) балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту;
3) бастамалар және иновациялық стартаптарды жүзеге асыру үшін алаң құру;
4) қоғамдық белсенділік және әлеуметтік жобалау дағдысын дамыту;
5) балалар мен жастардың жобалық қызметтерінің табысты тәжірибесін бағалау және тарату;
6) іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.
- Байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамдарын қалыптастырады.
- Байқауды өткізу уақыты мен орны
- Байқау 2022 жылғы 17 наурызда өткізіледі.
- Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы іліспе хат пен өтінімдері 2022 жылғы 10 наурызға дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына 1-қосымшаға сәйкес қабылданады.
- Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық байқауға қатысуы туралы өтінімі
2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, курсы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны
3) қатысушылардың, топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
- Байқауға қатысушылар
- Байқауға қатысушылар – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жас аралығындағы білім алушылар.
- Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатарынан құрама командалар қатысады.
- Байқауға қатысушылар саны:-10 білім алушыдан.
- Карантин кезіндегі Республикалық байқаудың өңірлік кезеңдері санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтан жүргізіледі.
- Байқауды өткізу тәртібі
- Республикалық байқау екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік байқау;
аудандық (қалалық) байқау;
облыстық байқау;
2) екінші кезең (қорытынды) – Республикалық байқау.
- Республикалық байқаудың өңірлік (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармалары басшыларының бұйрығымен анықталады.
- Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас):
қарт адамдарға, әлеуметтік осал топтағы балаларға және басқаларға қолдау және көмек көрсету;
кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мінез-құлық әрекеттерін алдын алу;
халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды бейімдеу;
балаларды табиғи апаттар салдарын жеңуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға дайындауға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы.
- «Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –13-14 жас):
жаңа еріктілер жасақтарын құруға және дамытуға;
әлеуметтік маңызды істерді ұйымдастыруға, оның ішінде бос уақытты ұйымдастыру бойынша балаларды белсенді қызметке тартуға;
салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.
- «Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас):
барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды тарту;
қазақ тілі мен үш тілдің тұтастығын дамыту;
отбасының адамгершілік негіздерін, оның тәрбиелік рөлін нығайту, балалар мен жастар ортасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тіліне және отбасылық құндылықтарына толерантты және құрметпен қарауды нығайтуға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.
- «Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас):
«мектеп – ата-ана» тиімді ынтымақтастық бағытын дамыту;
мектептегі өзін-өзі басқару органдарының әлеуметтік бағытталған қызметін дамыту және жасөспірімдердің кент, қала, өңір деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге азаматтық көзқарастың маңыздылығын түсінуі үшін жағдайлар жасау;
мектептегі өзін-өзі басқару органдарының әлеуметтік жобаларды әзірлеу мен іске асырудың шығармашылық тәжірибесін жалпылауға ықпалдасу;
ақпараттық, білім беру ортасын дамыту, балалардың ақпараттық кеңістігін дамыту;
әлеуметтік бағдарланған сайттар, интернет-ресурстар құру, білім беру және кәсіби бағдарды жобалау және т. б. бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.
- «Менің кіші Отаным» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас):
жеке тұлғаның өз елінің рухани адамгершілігі мол азаматы және патриоты, кіші Отанының өткені мен болашағын зерттеп, оны өркендетуге бағытталған шығармашылық жобалар байқауы;
Берілген жоба азаматты және патриотты тәрбиелеуде оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен маңызы зор.
- «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-17 жас). Қоғамның, жеріміздің табиғи, тарихи және мәдени игілігі туралы ақпараттандырылуына ықпал ететін жобалар байқауы – палеолиттен XXI ғасырға дейінгі түрлі дәуірлердің сәулет ғимараттары мен ескерткіштері, Каспий теңізінен Жоңғар Алатауының жотасына дейінгі табиғат кереметтері.
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас). Қоғамда танымал және ақпараттық ілгерілету идеясының жетістігі, принциптерін бәсекеге қабілеттілігін, ғибадат прагматизм мен білімін мысалдар арқылы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы шығармашылық жобалар байқауы. Бұл адамдар – біздің замандастарымыз, олардың өмір жолы мен жетістіктері – бәріне үлгі.
- «Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас). Байқау мәдени мұраны сақтау және жаңғырту;
шығармашылық әлеуетті және әр түрлі өнер түрлерін дамыту, бос уақыттың жаңа түрлерін құруға ықпал етуге бағытталған жобалар байқауы.
- «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас): барлық этностардың мәдени өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, азаматтарды қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне тарту.
Қатысушылар киіз үй элементтері бейнеленген атақты мәдениет және сәулет нысандарын көрсете алады. Сонымен қатар, киіз үй элементі бейнеленген болашақ нысандардың жобаларын әлем үлгісі ретінде ұсына алады. Әлемнің бейнелі-тұжырымдамалық үлгісі мен киіз үй құрылысының арасындағы тығыз байланыс пен параллельді негіздеуге бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.
- «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас):
отбасының, білім беру ұйымдарының, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің отбасылық тәрбие мен әлеуметтендіру саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту;
отбасы мен қазақстандық қоғамның рухани денсаулығының негізі ретінде отбасылық шығармашылық пен отбасылық құндылықтардың сабақтастығы мен қолдауы;
отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.
Байқау жұмысын қорғау уақыты – көрнекілік материалдарын (макеттер, модельдер, бейне және т.б.) пайдалана отырып, 5 минутқа дейін. Аталған номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстарды орындау әрбір делегация үшін міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір қатысушы бір жобадан ұсынады.
- Шығармашылық жобаларды бағалау өлшемдері:
1) жобаның байқау шарттарына сәйкестігі;
2) шығармашылық жобаның әлеуметтік тиімділігі – шешілетін әлеуметтік мәселенің өзектілігі және жобаның маңыздылығы;
3) жобаның міндеттері бойынша іс-қимыл жоспарының болуы;
4) жобаны іске асыру үшін қажетті шарттарды сипаттау (жеке, материалдық-техникалық, ақпараттық);
5) әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңашыл көзқарас;
6) жобалау кезінде заманауи инновациялық технологияларды, нысандарды және әдістерді пайдалану;
7) болжамды нәтижелердің сипаттамасы (болжамды нәтижелердің шынайылығы және жобаның болашақтағы дамуы: жергілікті деңгейдегі нақты аудиторияның жоба бойынша сұранысы);
8) зерттеудің жаңалығы, жұмыстың практикалық маңыздылығы, автордың жеке үлесі;
9) жұмыстың ресімделуі.
1) жобаны қорғау кезінде жұмыс авторына 5 минут беріледі, ол мынаны ашуы керек:
– жұмыстың мақсаты;
– тақырыптың өзектілігі;
– қойылған мақсатқа жету әдістері;
– нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығы;
– жұмыстың негізгі қорытындылары.
2) жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі байқау жұмыстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша ұпайларды қоя отырып, бағалау парағын толтырады.
- Қатысушыларды марапаттау
- Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
1-қосымша
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауына қатысуға өтінім
№ |
Номинациясы |
Жұмыстың аталуы |
қатысушының аты-жөні |
жасы |
Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі |
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны |
1 |
«Жақсылық керуені» |
|
|
|
|
|
2 |
«Отаным – қасиетті туған жерім» |
|
|
|
|
|
3 |
«Мен – Қазақстанның азаматымын» |
|
|
|
|
|
4 |
«Менің ашық университеттерім» |
|
|
|
|
|
5 |
«Менің кіші Отаным» |
|
|
|
|
|
6 |
«Казақстанның жеті кереметі» |
|
|
|
|
|
7 |
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» |
|
|
|
|
|
8 |
«Жаңғырту полюсі» |
|
|
|
|
|
9 |
«Киіз үй – ғалам моделі» |
|
|
|
|
|
10 |
«Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» |
|
|
|
|
|