БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «JULDYZAI» XVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

Фестивальдің ұраны: «Juldyzai жеңуге үйретеді!»

 

          Ел Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылдыБалалар жылы деп жариялаған болатын және осы орайда мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен «JULDYZAI» XVII Фестиваль-байқауын өткізу еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Фестивальдің мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.

  1. Жалпы ереже

1.1 Осы Ереже 4 номинация – вокал, хореография, аспаптық орындау, әнді ым-ишарамен орындау бойынша өткізілетін «Juldyzai»Республикалық балалар шығармашылығы Фестивалінің мақсаты мен құрылымын анықтайды, байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізу тәртібін реттейді.

1.2 Идея авторы және ұйымдастырушысы – «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы

1.3 Фестиваль ұйымдастырушылары:

  • онлайн-форматта қашықтықтан байқау іріктеуін ұйымдастырады және өткізеді;
  • байқаудың барлық қатысушыларын бірдей қатысу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;
  • Фестиваль шарасының бағдарламасын әзірлейді;
  • байқау нәтижелері туралы мәліметтерді олар ресми жариялануы тиіс күннен бұрын жариялауға жол бермейді;
  • байқау шарттарына сәйкес, оның жеңімпаздары мен лауреаттары деп танылатындарды марапаттауды қамтамасыз етеді;
  • бірінші кезең бойынша қазылар алқасы жұмысының нәтижелері негізінде қатысушылар құрамын қалыптастырады;
  • байқауға қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және бекітеді;
  • қазылар алқасының құрамын қалыптастырады;
  • қатысушыларға барлық өзгерістер мен қабылданған шешімдер туралы хабарлайды;
  • БАҚ-та Фестивальді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
  • шараға қатысуға келген кеззде балалардың өмірін қорғау және қауіпсіздігі жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
  • санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды сақтауды және қатысушылармен де қатаң сақталуы бойынша шараларды ұйымдастырады.

1.4. Ұйымдастыру комитеті:

  • Фестивальді өткізуге қажетті кеңес беру-әдістемелік көмек көрсететін ұйымдастырушы мен мемлекеттік органдардың өкілдері мен серіктестерді қамтитын алқалы орган;
  • ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының мүшелерін бағалауға және байқауға қатысушыларға марапаттау орындарын беруге жауапты болмайды;
  • ұйымдастыру комитеті Қазақстандағы Фестиваль идеясын дамытуға өз ықпалын тигізеді.

1.5. Қазылар алқасының мүшелері.

Қазылар алқасы мүшелерінің құрамы ұйымдастыру комитетімен келісімдеу бойынша құрылады. Оның құрамына мәдениет және өнер саласындағы танымал тұлғалар, әртістер, музыканттар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары кіреді. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді. Қазылар алқасының құрамы алдын ала жарияланбайды.

  1. Фестиваль-байқауды өткізу құрылымы

2.1. Вокал, хореография, аспаптық орындау, ым-ишарамен ән орындаубойынша фестиваль-байқау 2 кезеңде өткізіледі:

I кезең: Іріктеу – сырттай, 2022 жылдың 5 сәуіріне дейін қатысушылардан онлайн-өтінімдер қабылдау жүргізіледі.

II кезең: Республикалық байқаудың облыстық кезеңі 2022 жылдың 8 сәуір күні өткізіледі.

  1. Фестиваль-байқауға қатысу шарттары

3.1. Фестиваль-байқауға 10-18 жас аралығындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалар (мүмкіндіктері шектеулі және мүгедек балалар) 2 жас тобы бойынша қатысады:

  • кіші топ: 10-14 жастағы балалар;
  • ересек топ: 15-18 жастағы балалар (өтініш беру кезіндегі жасы);

3.2. Байқау ашық болып табылады және сырттай-қашықтықтан (I кезең) және онлайн форматта (II кезең) өтеді.

3.3. Қатысушыларға қойылатын талаптар:

а) вокал номинациясы (соло, дуэт, квартет, 6 адамнан аспайтын вокалдық топ).

Бағалау критерийлері:

  • орындалатын ән мен музыкалық материал таңдаулары және жаңашылдығы;
  • жасына сәйкестігі мен әртістік қабілеті;
  • өзіндік ерекшелігі мен кәсіби орындауы;
  • авторлық әннің шығармашылық даралығы мен орындалуы.

Назар аударыңыз! Бейнежазбасы бар онлайн-өтінімді жіберу кезінде және кейіннен Республикалық кезеңде өнер көрсететіндер үшін байқау туындылар «минус» фонограммасымен орындалуға тиіс, «плюс» фонограммасына түсуге жол берілмейді. Байқауда өнер көрсетуде бір нөмір «a cappella» орындалуы мүмкін, бұл қазылар алқасына қатысушының вокалдық деректерін сапалы және жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Орындаушының таңдалған репертуары оның жасына сәйкес келуі тиіс. Байқау шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде орындауға болады.

б) «Хореография» номинациясы (соло, дуэт, ансамбль, арбадағы би және т.б. 12 адамнан аспауы керек).

Бағалау критерийлері:

  • қимылды орындау шеберлігі және техникасы;
  • бидің жасына және дұрыс композициялық құрылымына сәйкестігі;
  • сахналық қойылым (пластика, костюм, реквизит, орындау мәдениеті);
  • музыкалық және хореографиялық материалдарды іріктеулері және олардың өзара сәйкестігі;
  • артістік қабілеті, көркем образды ашуы.

 в) Аспаптық орындау (әр түрлі аспаптардағы соло, квартеттер, секстеттер, ансамбльдер, оркестрлер 14 адамнан аспауы керек).

Бағалау критерийлері:

  • аспапты меңгеруі;
  • туындыны орындау шеберлігі мен техникасы және аранжировкасы;
  • музыкалық, көркемдік, интерпретацияның өзіндік ерекшелігі.

г) Әнді ым-ишараменорындау (соло, дуэт, трио, квартет, 6 адамнан аспайтын вокалдық топ).

Бағалау критерийлері:

  • ән сөздерін ым-ишара тіліне аударудың айқындылығы мен түсінікті болуы;
  • репертуардың көркемдік деңгейі және нөмірді қою ерекшелігі;
  • орындау шеберлігі (әртістік қабілеті, әнді жеткізу шешімінің бірегейлігі);
  • жас ерекшелігі және сахналық мәдениеті.
  1. I– іріктеу кезеңін онлайн форматта өткізу тәртібі.

4.1. Өңірдегі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша барлық номинациялар
мен екі жас топтары бойынша І орын алған қатысушылар ғана облыстық кезеңге қатысады.

4.3. Өңірдегі іріктеу кезеңдері Фестивальдің ресми логотипі мен әнұранын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

4.4. Өңірдегі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша барлық номинациялар мен екі жас топтары бойынша 1 орын алған қатысушылар онлайн-форматта XVII Республикалық «Juldyzai»Фестивалінің конкурстық іріктеуіне қатысуға үміткер болады.

4.5. Конкурсант YouTube каналына ұзақтығы 1-ден 4 минутқа дейін жанры мен орындау стилі бойынша әр түрлі екіден аспайтын конкурстық өнер көрсетулердің бейнелерін жүктейді. Қарау сілтемесін «Juldyzai-22» және өңір атауымен қоса жазып қатысушының онлайн-өтініміндегі «бейнеге сілтеме»тармағына көшіру және қою қажет.

Мысал: Қызылорда облысы/вокал /Арман Арманұлы Арманов (немесе «Арман» триосы)/сөзі С. М.Мақатаев, әні Н.Тілендиев «Саржайлау»/ «Juldyzai-22» II кезең.

4.6. Шығармашылық қойылымды кез келген техникаға (телефон, қарапайым немесе кәсіби бейнекамера, MIN-8Mп камерасы) жазуға болады. Әр шығармашылық қойылымжеке-жеке бөлек жазылуы керек. Орындаушы/ұжым анық көрінуі, естілуі тиіс, сондай-ақ байқаудың техникалық талаптары сақталған және кез келген үй-жай (сахна, сынып, аудитория және т.б.) ішінде түсірілген кез келген іс-шарадағы жазбаны ұсынуға болады.

Назар аударыңыз! Байқау нәтижелері мен қазылар алқасының бағалаулары ұсынылған бейнематериалдың сапасына да байланысты болады (мысалы, егер бейне үлкен арақашықтықта түсірілсе немесе қатысушы нашар көрініп немесе нашар естіліп тұрса, қазылар алқасының мүшелері қойылымды жан-жақты бағалай алмайды).

4.7. Қате толтырылған және ілеспелік делегация тізімінсіз жіберілген өтінім жарамсыз болып саналады және тіркеуге жатпайды;

4.8 Бір қатысушы бір номинацияға қатысады.

  1. Облыстық байқаудың іріктеуінен өткен қатысушылар марапатталады:
    -I, II, III дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


 1-қосымша

Қатысушылардың өтінімі

 

Қатысушының тегі, аты-жөні

Туылған күні,айы, жылы

Тұрғылықты мекен-жайы, байланыс номері

Білім беру ұйымы (атауы)

Номинация атауы

Жетекшінің аты-жөні, байланыс номері