- Жалпы ережелер
- Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) облыстық жарысын өткізу ережелері (бұдан әрі – Жарыс) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
- Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдайжасау.
- Жарыстыңміндеттері:
әр түрлі өңірлердің білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;
балалардыинновациялықғылыми-техникалықшығармашылыққатарту;
инновациялықтехнологияларсаласындажаңақұзыреттіліктіқалыптастыру;
техникалықшығармашылықжәнеөнертапқыштықсаласындаоқитындарынды, таланттыбілімалушылардыанықтау;
топпеншығармашылықжұмысдағдыларынқалыптастыру;
іс-шараларарқылықосымшабілімменқамтылғанбалаларсанынарттыруғаықпалету.
- Жарысты ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
- Жарысты өткізу мерзімі және тәртібі
- Жарыс 2022 жылғы 22 сәуір күні өткізіледі
- Облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімінің басшыларының қолы қойылған Жарысқа қатысу туралы өтінім мен ілеспе хат 2022 жылғы 18 сәуірге дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
- Хатқа мыналар қоса тіркеледі:
1) Жарыстың облыстық, қалалық, аудандық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық жарысқа қатысуы туралы өтінімі;
2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны);
3) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
- Жарысқа қатысушылар
- Жарысқа облыстық, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаз командалары – республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
Жарысқа қатысушылардың жас санаты: 11-17 жас (18 жасқадейін).
- Жалпы қатысушылар саны – (10 білім алушы).
- Карантин кезіндегі облыстық жарыстың өңірлік кезеңдері санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтан жүргізіледі.
- Жарысты өткізу тәртібі және шарты
- Балаларды іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Жарыс екі кезеңдеөткізіледі:
бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілікжарыс;
аудандық (қалалық) жарыс;
облыстық жарыс.
екіншікезең (қорытынды) – республикалықжарыс.
- Жарыстар келесі модельдердің кластары бойыншаөткізіледі:
Радиомен басқарылатын көлікмодельдері:
1) 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБкласы;
2) 1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги-10Э;
3) багги 1:8 ДВС, 1:10ДВС.
Драгстер сызбасы бойынша автотрассалықмодельдеу:
1) Production-32;
2) Production-24.
Әуемодельдері:
1) F-3-Р (пенолёт)моделі;
2) кордалы F-2-В;
3) кордалы жарты копия, контурлымоделі;
4) квадрокоптер.
Кемемодельдері:
1) F-4-Внемесе F-4–С (бірмодель);
2) FSR –ЕСО- MINIEXPERTF-3-Е машруты бойынша;
3) Ф -2-А;
4) FSR- ЕСО-STANDART – F-3-Е машруты бойынша өткізіледі.
Жоғарыда көрсетілген модельдер бойынша Жарысты өткізу шарттары:
1)кестеге сәйкес модельдерді іске қосуды бастау
2) сонымен қатар, әр өңір толыққанды фото-видео түсірілімді ұйымдастырып, Жарыстың хаттамасын жүргізуі қажет;
3) әділ қазылар алқасы мүшелерінің жете қарауына MPEG4, AVI форматындағы видеоны, 4 фотосуретті электрондық поштасына жіберуі тиіс.
Зымыранмодельдері:
1) S6А –стример;
2) S9А –ротошют.
Зымыран модельдері бойынша жарысты қашықтық форматында өткізу шарты:
Видео түсірілім (модельдерді іске қосуды бастау, ротошют немесе стримердің ашылу сәті, зымыранның жерге тигенге дейін парашютпен ұшу уақытын белгілеу), 4 фотосуретті жіберіледі;
Жарыстың әрбір түрі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылыөлшемдеріне сәйкес осы спорт түрлеріне арнайы жасалған далалық алаңда, немесе жабық ғимараттарда, немесе қашықтан өткізіледі.
- Жарыс номинацияларын бағалау өлшемдеріне, хаттамалық шешімдердің нәтижелеріне және АСФ, АМСФ, NAVIGA ережелеріне сәйкес кәсіби әділ қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Жарыс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
- Жарыстың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
1-қосымша
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың
(әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысына қатысуға өтінім
Номинация |
Модельдердің кластары |
Қатысушының Т.А.Ә. |
Туған жылы, сыныбы |
Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны |
Білім беру ұйымы |
Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісі: (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) ___________________________________________________ облысы
Кестені өзгеріссіз толық толтыру керек