Жалпы білім беру ұйымдарының 8-10сынып оқушылары арасында «Бабалар ізімен» қашықтан облыстық бейнеролик байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Қызылорда облысының білім басқармасы облыстың білім беру ұйымдарында ардагерлер кеңесімен бірлесе өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Бабалар ізімен» тақырыбында қашықтан облыстық бейнеролик байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
- Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2.1.Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; отанынқорғай білуге тәрбиелеу; Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерліктерін қастерлеу, өз аудандарындағы соғыс ардагерлері туралы деректер жинау;
2.2. Өз аудандарындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, майдандағы ерліктері жайында ізденушілік жұмыстары арқылы білімдерін толықтыру.
- Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
3.1. Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 5-7 минуттан аспауы қажет.
3.2. Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
3.3. Байқаудың І кезеңі аудандық, қалалық а.ж. 25 сәуірге дейін, ІІ кезеңі (облыстық) 29 сәуір күні өткізіледі.
3.4. Байқауға жалпы білім беру аудандық, қалалық кезеңі бойынша І,ІІ орын алған жеңімпаздар қатыса алады. Хаттама қоса жолдану қажет.
3.5. Қатысушылар өз аудандарындағы Ұлы Отан соғысы ардагер (жергілікті жердегі) батырларының майдандағы ерліктерін көрсете білетін түрлі бағыттардан тұратын 5-7 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.
3.6. Бейнероликте қатысушылар жайлы ақпарат жазуы, (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, сыныбы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі, байланыс номері)
3.7. Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.
3.8. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.
3.9. Автор байқауға жіберген жұмыстарын ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).
3.11. Аудандық/қалалық білім бөлім басшысының ұсынысымен бейнероликтер 2022 жылдың 25 сәуірінедейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер байқауға жіберілмейді.
- Бағалау критерийлері
Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:
– бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);
– бейнероликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).
4.2. Байқау нәтижесі 2022 жылдың 29 cәуірінде syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.
- Форумның қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды. Қазылар алқасының шешімі және хаттамамен ресімделеді.
5.2 Қазылар алқасының мүшесі қазіргі уақытта өзі оқытып жүрген қатысушылардың кандидатурасы бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
5.3Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.
1-қосымша
«Бабалар ізімен» қашықтан облыстық бейнеролик байқауына қатысуға өтінім
Жұмыстың аталуы |
Орындау-шының Т.А.Ә. |
Туған жылы, мектебі, сыныбы |
Телефон номері, мекен-жайы, эл. поштасы |
Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі |
Жетекшінің байланыс телефоны, эл. поштасы |
|
|
|
|
|
|
Ескерту: Жетекші бағанына оқушыны дайындаған ұстаз жетекші аты-жөні жазылу тиіс.