«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі

«Табиғатты аяла»жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңін өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер
  2. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, өткізу тәртібін анықтайды.
  3. Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
  4. Форумның міндеттері:

1) қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;

2) білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;

3) білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;

4) еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;

5) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.

  1. Форумды оффлайн форматында өткізеді.
  2. Форумды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
  3. Форумды өткізу уақыты
  4. 6. Форум 2022 жылғы 12 мамыр күні өткізіледі.
  5. Облыстық, қалалық, аудандық білім басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы өтінім, сондай-ақ Форум номинацияларының жұмыстарын kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына 2022 жылғы 29 cәуірге дейін қабылданады.
  6. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Форумның аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық форумға қатысуы туралы өтінім;

2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны);

3) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

4) http://www.youtube.comарнада орналастырылған бейнематериалға сілтемелер.

  1. Форумға қатысушылар
  2. Форумға аудандық,қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Қатысушылардың жасы: 12-17 жастағы білім алушылар.

  1. Қатысушылардың жалпы саны– 10 білім алушыдан.
  2. Форумды өткізу тәртібі және шарты
  3. Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Форум екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Форум;

аудандық (қалалық) Форум;

облыстық форум.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Форум.

  1. Форумның бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
  2. Форум санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.
  3. Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
  4. «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы – жас экологтардың 3D атласын жасауы. Флора мен Фауна өкілдерінің 3D-форматтағы көлемді макетін жасау (қызыл кітап, эндемиктер және т. б.).

Көлемді орналасу объектінің барлық ботаникалық, анатомиялық ерекшеліктерін көрсету керек, яғни біз өсімдіктерді өз ерекшеліктерімен бейнелейміз: жапырақтардың пішіні, олардың тамырлары, тамырлардың көрінісі, гүлдің құрылымы, жануарларда тұмсықтың немесе табанның құрылымын, жануардың түс ерекшеліктерін және т. б. толық көрсету қажет Жұмыс бағыты – SketchUp, Blender, Tinkercad.com (1 қатысушы).

  1. «Zhasyl El» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі: қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары;

инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы (әр бағыт бойынша 2 қатысушы).

Жобаны қорғау уақыты – көрсететін материалды (макеттер, үлгілер, видео және т.б.) қолдануымен 7 минуттан аспауы тиіс.

Бағалау өлшемдері:

зерттелетін мәселенің өзектілігі мен жаңалығы;

жүргізілген зерттеулердің дәрежесі мен көлемі;

қойылған міндеттерді орындау нәтижелілігі;

жұмыстың практикалық маңыздылығы;

автордың жеке үлесі;

шешендік өнер;

автордың қосқан жеке үлесі;

сөйлеу шеберлігі.

  1. 3. «Экотеатр» номинациясы – экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы (4 қатысушы). Экотеатр – экология мен өнерді біріктіреді. Әртістер мен көрермендер сахна өнерінің көмегімен экологияға енеді.

Ұзақтығы 10 минуттан аспайды.

Бағалау өлшемдері:

тиісті номинациясы бойынша;

актерлік шеберлік;

репертуардың күрделілігі;

костюмдер;

декорациялар;

техникалық және музыкалық сүйемелдеу.

Номинация бойынша http://www.youtube.com. каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

  1. «Eko-Bolashak» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы бойынша видеороликтер презентациясы (1 қатысушы). Презентация ұзақтығы – 5 минуттан аспауы тиіс.

Байқауға www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Видеороликте аталған сұраққа стандартты емес тәсілмен қарауға, түсірілім, анимация және компьютерлік графика тәрізді визуалды ұсыну тәсілдерін, музыкалық және дыбыстық сүйемелдеу қолданылады.

Бағалау өлшемдері:

стилистикалық шешім;

практикалық қолданылымы;

жасампаздығы;

әлеуметтік маңыздылығы;

видеоматериал сапасы.

  1. «GREEN OASES» номинациясы – ландшафтық жобалар байқауы (1 қатысушы). Байқау жұмысы мектеп ауласының, балабақшаның немесе басқа білім беру ұйымының ландшафттық дизайны. Дизайн өлшемдері 50х50 см-ден артық емес, материалды таңдау еркін. Жұмысты қорғау 5 минуттан аспау қажет.

Жұмысқа заттаңба (этикетка) (10х15 см) қоса тіркеледі, онда жұмыстың аталуы, қатысушының Т.А.Ә., жасы, білім беру ұйымы, қала, аудан, облысы көрсетіледі.

Бағалау өлшемдері:

ландшафттық композицияның байқау шарттарына сәйкестігі;

өзіндік ерекшелігі;

жобаның эстетикалық көрінісі;

өсімдік материалының тіршілігін қамтамасыз ету (егер бар болса);

ландшафтық жобаны орындау сапасы.

  1. «Туған өлкенің бояулары»номинациясы – электрондық экологиялық ашық хат (1 қатысушы).

Бұл номинацияда кез келген графикалық редактордың көмегімен (фотосуреттер, картиналар, портреттер, суреттер, коллаждар және т.б.) орындалған мәтінмен (экологиялық күнтізбе, көркемдік дәйексөздер, поэзиялық, ғылыми-көпшілік шығармалардан, ғалымдардың тұжырымдары, жазушылардың, авторын көрсете отырып, ақындардың экология туралы, адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, табиғатты қорғау және оның сұлулығы туралы мәлімдемелері, ұрандар, үндеулер және т. б.) қоса ұсынылған суреттер қабылданады.

Файл параметрлері: JPG форматы. Көлемі – 5 мб. Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Мәтіндік түсініктемелердің болуы міндетті: жұмыстың аталуы, автордың аты-жөні, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.

Номинация бойынша жұмыстар kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Бағалау өлшемдері:

экологиялық тақырыптың көрінісі;

композициялық шешім;

орындау деңгейі;

көркемдік мәнерлілік;

идеяның өзіндік ерекшелігі;

мәтіннің визуалды дизайнға сәйкестігі.

  1. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір қатысушы бір жобадан ұсынады.
  2. Форумның қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
  3. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Форумның бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды.Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды. Қазылар алқасының шешімі және хаттамамен ресімделеді.
  4. Форумның қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен, марапатталады.

1-қосымша

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысуға өтінім

    

Номинация

Жұмыстың аталуы

Орындау-шының

Т.А.Ә.

Туған жылы, сыныбы

Телефон номері, мекенжайының адресі, эл. поштасы

Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі

Жетекшінің тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, эл. поштасы

«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы»

 

 

 

 

 

 

«ZhasylEl»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Экотеатр»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Eko-Bolashak»

 

 

 

 

 

 

«GREEN OASES»

 

 

 

 

 

 

«Туған өлкенің бояулары»

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі: (Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) ______________

________________________ облысы