Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында облыстық Ілияс Жансүгіров оқулары

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында

 облыстық Ілияс Жансүгіров оқуларын өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелері

1.1. Осы ереже жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілетін облыстық Ілияс Жансүгіров оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілетін облыстық Ілияс Жансүгіров оқуларының мақсаттары мен міндеттері:

– жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;

– жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

– оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге баулу. Ақынның лирикалық, эпикалық, прозалық, драмалық шығармаларымен және фольклорлық, ғылыми-публицистикалық зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру;

– жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамларын қалыптастыру.

 

  1. Облыстық Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысушылар

2.1. Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) байқаудан жеңіп шыққан 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.

2.2. Әрбір аудандық (қалалық), облыстық білім мекемелері жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасынан облыстық Ілияс Жансүгіров оқуларына (әр номинация бойынша 1 оқушы) 3 (үш) үміткер ұсынады.

2.3. Қатысушының аты-жөні, номинация атауы, ауданы (қаласы), мектебі, сыныбы, жетекшісінің аты-жөні, теелфоны туралы толық мәліметі бар тапсырысты Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына qabiletorda@mail.ru (байланыс телефоны: 87770675239) поштасына жіберулері керек.

Ескерту: Алдыңғы жылдардағы Ілияс Жансүгіров оқуларының жеңімпаздары бұл байқауға қатыса алмайды.

 Республикалық байқауға қатысатын оқушылардың дәрігерлік (эпидокружение) анықтамасы міндетті түрде болуы керек.

 

  1. Облыстық Ілияс жансүгіров оқуларының шарттары

3.1. Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, ақындық қабілеті бар (әр номинация талабына сай) болуы шарт. Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысушы жыр Құлагері атанған Ілиястың өмірбаянын, әр жанрдағы шығармаларын жақсы білуі тиіс және кез келген өлеңін, прозалық, драмалық шығармаларын теориялық тұрғыдан да талдай білуі қажет. Сонымен бірге талапкер өз шығармашылығын да көрсетеді.

3.2. Ілияс Жансүгіров оқулары үш номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Ілияс – эпик ақын» бағытында ақын Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту (қатысушылар жатқа оқитын поэмаларының тізімін қазылар алқасына алдын ала тапсыру керек, ұсынған тізімнен 1 поэманы толық жатқа айтады).

Бағалау критерийі:

– жаттаған поэманың көлемі;

– образға енуі;

– оқуы мен мәнері;

– мүдірмей жатқа айтуы мен образды ашуы;

– сахналық мәдениеті, өзін-өзі ұстауы.

 

  1. «Сұлу сөздің сүлейі» бағытында қатысушы Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің ішінен (ұсынылған тізімінен қазылар алқасының сұрауымен) бір өлеңін жатқа немесе прозалық, драмалық шығармаларын мәнерлеп оқиды немесе үзінді орындайды.

Бағалау критерийі:

көркем сөз мәнерлігі, сөйлеу әуені (мелодикасы)

– интонация, дауыс кідірісі;

– жаттаған өлеңдер саны;

– ұсынған шығарманың көлемі;

– сөйлеу мәдениеті, өзін-өзі ұстауы.

 

  1. «Ағынды менің Ақсуым» бағытында қатысушылар ақынға арнап жазған өздерінің шығармалар жинағын (кітапша) алдын ала қазылар алқасына тапсыруы керек. Қазылар алқасының ұсынысымен 1-2 өлеңін жатқа, мәнерлеп оқиды.

Бағалау критерийі:

ерекше ұйқасы мен құрылымы;

– өзіндік идеясы мен ой тереңдігі;

– көркем оқуы, сөз мәнері мен мазмұны;

– дауыс интонациясын сақтауы;

-сахналық мәдениеті мен өзін-өзі ұстауы.

 

  1. Жұмыс органдары

 

4.1. Ілия Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру мақсатында облыстық білім басқармасының бұйрығымен ұйымдастыру комитеті құрылады.

4.2. Облыстық ұйымдастыру комитетінің құрамына облыстық білім басқармасы мен облыстық білім ұйымдарының қызметкерлері, тиісті аудандық білім бөлімдерінің жетекшілері енгізіледі.

4.3. Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңін өткізудің ұйымдастыру комитеті:

 – Ілияс Жансүгіров оқуларын өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;

 – Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;

 4.4. Облыстық ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы болып табылады.

 

  1. Қазылар алқасы

5.1. Ілияс Жансүгіров оқуларының қазылар алқасы құрамы төрағадан, хатшыдан және алқа мүшелерінен тұрады.

5.2. Қазылар алқасының құрамын облыстық ұйымдастыру комитетінің ұсынуы бойынша Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы бекітеді.

Қазылар алқасы:

– талапкердің өнеріне талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалайды;

– қатысушылардың өнерін бағалаудағы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

– жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды белгілейді.

– Қазылар алқасы шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды. Қазылар алқасы шешімі хаттамамен рәсімделеді.

 

  1. Облыстық Ілияс Жансүгіров оқуларының жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

6.1. Облыстық Ілияс Жансүгіров оқуларының жеңімпаздары әр бағыт бойынша облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.