«Бақытты балалық шақ» тақырыбында қашықтан облыстық бейнеролик байқауы

Облыстық білім басқармасының
2022 жылғы мамырдағы
№ нқ/1 бұйрығына
қосымша №3 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында қашықтан облыстық бейнеролик байқауының ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ережелер
    1. Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында қашықтан облыстық бейнеролик байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
    2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
    1. Балаларды жан-жақтылыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту;
    2. Бала тілінің балдығын, қылықтылығын көрсете отырып, болашағымыз тәтті бүлдіршіндердің тәрбиесінен басталатындығына мән беру;
    3. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, медиашығармашылыққа еліктіру, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету;

 

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
  2. Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 3-5 минуттан аспау қажет.
  3. Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
  4. Байқауға барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.
  5. Қатысушы балалық бал дәуренге шығармашылықпен, еркін тақырыпқа, өздерінің бір күнгі өмірі немесе қызығушылықтары немесе ата-анасымен қызықты сұхбат жүргізу секілді түрлі идеялардан тұратын 3-5 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.
  6. Бейнероликте қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, курсы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі) және 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.
  7. Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай байқауларға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.
  8. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.
  9. Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды, бейнеролик бір ғана қатысушыға тиесілі болуы керек.
  10. Білім беру ұйымының ұсынысымен бейнероликтерді 2022 жылдың 20 мамырына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер конкурсқа жіберілмейді.

 

  1. Бағалау критерийлері

4.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:

бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);

бейнероликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).

4.2. Байқау нәтижесі 2022 жылдың 26 мамыры күні syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.

 

Кесте 1

р/с

Оқушының аты – жөні

Аудан/Қала

Мектеп/балабақша