Мектеп дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілер арасында «Балалық шағымның шуақты биі» республикалық (сырттай) би байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың барлық типтері мен түрлерінің мектепке дейінгі жастағы балалары арасында республикалық (сырттай) «Балалық шағымның шуақты биі» би байқауын ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттары.
- Мақсаты: балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.
- Міндеттері:
– балалардың би-орындаушылық, театрлық шеберлігі, хореографиялық қабілеттері саласындағы көркемдік дарындылықты дамыту;
– ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, өз халқының және басқа ұлт халықтарының мәдени мұрасына ұқыпты қарау;
– балалардың көркемдік және орындаушылық деңгейін арттыру және дамыту;
– қатысушылардың шығармашылық жетістіктерімен және тәжірибесімен алмасу.
- Байқаудың ұйымдастыру тәртібі және өткізу шарттары
- Байқауды ұйымдастырушылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.
- Байқаудың I кезеңін ұйымдастыру және өткізу барысында ережеге сәйкес облыстардың білім беру ұйымдары байланыс телефондары мен электрондық пошталарын көрсету қажет.
- Байқау үш кезеңде өткізіледі:
1-ші – аудандық (қалалық);
2-ші – облыстық;
3-ші – республикалық.
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін барлық кезеңдерде қазылар алқасының құқықтары берілген байқау комиссиясы құрылады.
- Байқау комиссиясының құрамы хореография саласындағы жетекші мамандардан, әдіскерлерден, мектепке дейінгі білім беруге жетекшілік ететін білім басқармасының өкілдерінен, ата-аналар қоғамдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және т. б. құрылады.
- Байқау комиссиясының мүшелері ұсынылған материалдарды зерделейді, байқаудың келесі кезеңдеріне қатысу үшін жеңімпаздарды анықтайды.
- Байқау комиссиясының мүшелері:
– әр номинацияда орындардың қайталануына жол беруге;
– лайықты үміткерлер болмаған жағдайда, жүлделі орындар бермеуге;
– техникалық ақауларға байланысты (қатысушы тарапынан) көрсетілмейтін (ойнатылмайтын) бейнематериалдарды қарамауға;
– ұзақтығы осы ережеде белгіленген уақыттан асатын бейнематериалдарды қарамауға құқығы бар.
- Байқаудың облыстық кезеңіне қатысушыларын тіркеу үшін білім беру ұйымдары келесі байқау материалдарды ұсынады:
1) Білім беру ұйымдары қатысушы туралы мәліметтері жайлы ұсыныс хаты;
2) қоса берілген нысанға сәйкес байқауға қатысуға өтінім (1-қосымша);
3) бейнеролик;
4) бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарының хаттамасы (сканерленген нұсқа, pdf форматта).
- Материалдар «Балалық шағымның шуақты биі» байқауының атауымен 2022 жылғы «13» мамырдан кешіктірмей elumiti-orda@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен материалдар қаралмайды.
- Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар және шарттары
- Байқау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының арасында өткізіледі.
- Байқау нөмірлерін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын кез-келген тақырыпта, әртүрлі бағыттар мен стильдерде ұсынылуы мүмкін.
- Байқау кезінде түсірілген бейнежазбаларға, оларды таратуға, сондай-ақ трансляциялауға (оның ішінде Интернет желісінде) барлық құқықтар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне тиесілі, әдістемелік мақсаттарда пайдалануы мүмкін.
- Бейнекамера бейнетүсірілім кезінде тек бір орында орналасуы қажет.
- Байқауға қатысушының өтінімі осы Ереженің шарттарын толық қабылдайтындығының, байқау өткізу шеңберінде дербес деректерді өңдеуге келісім беретіндігінің дәлелі болып табылады.
- Бағалау критерийлері
- Байқау келесі критерийлер бойынша бағаланады:
– қимылдарды орындау техникасы;
– синхрондылық;
– нөмірдің композициялық құрылысы және оның баланың жасына сәйкестігі;
– музыкалық және хореографиялық материалдарды іріктеу және олардың сәйкестігі;
– сахна мәдениеті ( костюм, реквизит, орындау мәдениеті);
– әртістік, көркем образды ашу.
- Бейнематериалдарға қойылатын талаптар:
- Байқау бейнежазбасы келесі талаптарға сай болуға тиіс:
– түсіру кәсіби, сапалы, бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай орындалуы тиіс (нөмірдің басынан аяғына дейін);
– бейнежазба MPEG-4 форматында қабылданады;
– әрбір файлдың көлемі 300 Мб артық емес;
– байқауға қатысушының сөйлеген бейнефайлында қатысушы туралы ақпарат болуы тиіс (Т.А. Ә., жасы, атауы).
- Қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау
- Байқау жеңімпаздары білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Анықтама телефоны: 8 7242710189
1-қосымша
_________________________________облысынан
«Балалық шағымның шуақты биі»
республикалық би байқауына қатысу
өтінімі
Би ұжымының атауы |
|
Жасы |
|
Педагогтің аты-жөні (хореография басшысы) |
|
МДҰ-ның толық атауы (Жарғыға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның атауы) |
|
Хореография жанры (халық биі, Классикалық би, джаз-балет, Заманауи би, Халықтық-стильдендірілген және басқа да би бағыттары) |
|
Педагогтің байланыс телефоны (хореография басшысы) |
|
Өтінімді толтыру күні «____» __________ 2022 ж.