«Рәміздер-елдігімнің белгісі» тақырыбында облыстық патриоттық әндер байқауы

Облыстық білім басқармасының
2022 жылғы мамырдағы
№ нқ/1 бұйрығына
қосымша №3 

Ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Рәміздер-елдігімнің белгісі» тақырыбында облыстық патриоттық әндер байқауының ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ережелер
    1. Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Рәміздер-елдігімнің белгісі» тақырыбында облыстық патриоттық әндер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
    2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
    1. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу;
    2. Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту. Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, оқушыларды рәміздердің шығу тарихымен таныстыра отырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
    3. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, шығармашылыққа еліктіру, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету;

 

 

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
  2. Байқау төмендегідей номинациялар бойынша өткізіледі:

-«Елім менің» номинациясы (Отан туралы, рухани құндылықтар жайлы және еліміздің тарихындағы ерліктің шежірелі беттерін айшықтайтын әндер)

-«Тәуелсіз елдің ұланы» номинациясы (балаларға арналған ән)

  1. Қатысушы екі номинацияға да қатыса алады. Әр номинация бойынша орындаушы бір шығарма орындайды.
  2. Қатысушы туралы білім бөлімінің ұсынысымен 2022 жылдың 26 мамырына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет.
  3. Кешіктірілген және осы байқау шартына сәйкес келмейтін ұсыныстар байқауға жіберілмейді.
  4. Байқау нәтижесі 2022 жылдың 31 мамыры күні syr-daryny.kz ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда жарияланады.

 

  1. Бағалау критерийлері

Ең үздік қатысушыны іріктеу кезінде мынылар ескерілуі қажет:

-Үміткердің орындаушылық шеберлігі;

-Орындалар әннің тақырыпқа сай болуы;

-Кәсіби сүйемелдеуге көңіл бөлу;

-Әнді жанды дауыста орындау;

-Сахна мәдениеті мен киім үлгісі;

-Ән айту мәнері мен дауыс ырғағы;

-Киімдердің үйлесімділігі;

 

  1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
  1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады.

 

Кесте 1

р/с

Оқушының аты – жөні

Аудан/Қала

Мектеп/балабақша