«Қыран елім-Қазақстаным» патриоттық сурет салу акциясы

 «Қыран елім-Қазақстаным» патриоттық сурет салу акциясының
ЕРЕЖЕСІ

25 қазан – Республика күнінің жаңа ұлттық мереке ретінде қоғамдағы тарихи мәртебесін бекіту мақсатында әлеуметтік желілерде
«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық сурет салу акциясын ұсынады.

Ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  Мақсаты мен міндеттері:

         – Акция аясында оқушыларды «Тәуелсіз Республика», «Отан», «Тәуелсіздік» ұғымдарын бағалай білуге баулу. Болашақта еліміздің Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге талпынысын ояту.

         – Мектеп оқушыларын Қазақстан Республикасының әр бір азаматына қадірлеуге, ел мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

         Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту. Талантты суретшілерді анықтап, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына қолдау білдіру.

 

         Акцияның рәсімдеу талаптары мен шарттары:

  1. @syrdaryny парақшасына тіркелуі қажет.
  2. Байқауға қатысушы а.ж. 14-21 қазан аралығында өз парақшасына салынған суретке @syrdaryny парақшасын белгілеп, #қазақстанбалаларкөзімен, #syrdaryny хештегтерін жазу арқылы қатысады.
  3. Жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары қатыса алады.
  4. Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт.
  5. Ұсынылған жұмыстар А4 көлеміндегі парақ бетінде JPEG форматында сканерлеу арқылы электронды түрде elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына ұсынылады.
  6. Кез-келген бейнелеу құралымен (майлы бояу, акварель, гуашь, түрлі-түсті карандаш) салынған жұмыс қабылданады.
  7. Жүктелінген сурет пен қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт. (ауданы/қаласы, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні)
  8. Салынған суреттер бұрын соңды ешқандай байқауларға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.
  9. Нәтижесі 2022 жылдың 22 қазан күні syr-daryny.kz ресми сайтында және әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
  10. Жеңімпаздар білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломы және Алғыс хатымен марапатталады.