«Қыран елім – Қазақстаным» атты патриоттық видео шақыру тастау (челленджі) акциясының
ЕРЕЖЕСІ
25 қазан – Республика күнінің жаңа ұлттық мереке ретінде қоғамдағы тарихи мәртебесін бекіту мақсатында әлеуметтік желілерде «Қыран елім – Қазақстаным» атты патриоттық видео шақыру тастау (челленджі) акциясын ұсынады.
Ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Мақсаты мен міндеттері:
Жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, ширек ғасыр толған Қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау;
– әлеуметтік желі қолданушыларының әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық позициясын қалыптастыру;
– қоғамдық келісімді, қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал жасау;
– оқушылардың тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, шығармашылық қабілетін арттыру, ойлау қабілетін дамытып, патриоттық сезімін ояту арқылы жас таланттарды ынталандырып, өнерлі балаларға қолдау көрсету.
Акцияның рәсімдеу талаптары мен шарттары:
- @syrdaryny фэйсбук парақшасына тіркелуі қажет;
- Акцияға а.ж. 14-21 қазан аралығында 9-11 сынып оқушылары қатыса алады;
- Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт. Қатысушы «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында ерекше видео құттықтауларын шақыру тастау (челлендж) жариялау қажет;
- Өз парақшасына салынған видеоға @syrdaryny фэйсбук парақшасын белгілеп, #Республикакүні #челлендж, #syrdaryny хештегтерін жазу;
- Әлеуметтік желіге жүктелген видео сілтемесі көрсетіліп syrdaryny@mail.ru электронды поштасына жолдауылады.
- Жеңімпазды әлеуметтік желіге жүктелген видеодағы «ЛҮПІЛ (Like)» саны арқылы анықталады.
- Нәтижесі 2022 жылдың 22 қазан күні syr-daryny.kz ресми сайтында және әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
- Жеңімпаздар білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломы және Алғыс хатымен марапатталады.