?2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ (ОБЛЫСТЫҚ) КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ✅Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі ағымдағы жылдың 13-18 ақпан аралығында өтеді. ?Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады. ?Олимпиада 15 пән бойынша өткізіледі: – жаратылыстану-математикалық бағыт – физика, химия, математика, информатика, биология, география; – қоғамдық-гуманитарлық бағыт – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі. Олимпиаданың үшінші облыстық кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, өткізу кестесіне сәйкес, екі кезеңмен өткізілетін болады. ??Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілетін болады.
Тікелей эфир ⬇️
https://www.youtube.com/channel/UCL2-ae9UqgSNNCQAvGEud0g
Қатысушы жұмыстары:
https://drive.google.com/drive/folders/1JvoxKRLTQSlBbiJy2JtaswA1ifARy4sz?usp=share_link
Олимпиаданың жалпы ережелері ⬇️ https://drive.google.com/file/d/1jE-kjOEH7HCqbH1XlclScApSFI4deB9N/view?usp=sharing
Оқушы нұсқаулығы ⬇️ https://drive.google.com/file/d/1_03H0nzk-vYvgoGeV1amIcV-367xQnDR/view?usp=sharing
Оқушы нұсқаулығы (на русском) ⬇️ https://drive.google.com/file/d/1ZH5PkGDZXVCviyKLnaYW7hDdo2aHtvvx/view?usp=sharing
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайты.
https://daryn.kz/kk/respa-kz/