“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 7-8 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған білім беру ұйымдары мен “Дарын” аймақтық ғылыми-практикалық орталығының үздік іс-тәжірибелерін республикаға тарату мақсатында “Функционалдық сауаттылыққа негізделген адами құндылықтарды қалыптастыру” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты – семинарға қатысушыларды Қазақстан Рсепубликасының білім беру сапасын жетілдіру үшін негізгі бағыт ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, іс-әрекеттердің мақсаттылығымен, тұтастығымен және жүйелілігімен қамтамасыз ету.
Іс-шараға дарынды балалармен жұмыс жүргізетін аймақтық ғылыми-практикалық орталық қызметкерлері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, педагогтері қатыса алады.
Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 25 қазанға дейін берілген үлгі бойынша sairanbb181@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет.
Әр қатысушы 25 қазанға дейін міндетті түрде жеке https://tiny.cc/ZKOseminar сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.
Іс сапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді. Семинарға қатысушылардың келу күні 6 қараша, аяқталуы 8 қараша сағат 19.00-ден кейін.
Семинар туралы толық ақпараттық хат “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында берілген.
№ | Қатысушының аты-жөні | Облысы | Жұмыс орны | Лауазымы | Электронды поштасы | Қонақ үй қажеттілігі, байланыс телефоны |
|