“Азаматтық қорғау саласындағы оқыту, ақпараттандыру және білімді насихаттау” онлайн сабағы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, 2018 жылғы 26 қыркүйек күні сағат 11.00-де «Азаматтық қорғау саласындағы оқыту, ақпараттандыру және білімді насихаттау» тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізеді. 

Сабаққа мектеп мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады. 

Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі.Дайындық 10.30-да