«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылғы 18 қазан күні Қызылорда облысының білім басқармасы  «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен  №8 орта мектеп базасында 9 сынып оқушыларына арналған «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Облыстық конкурсқа (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, №10 БИЛ) 4 номинация бойынша 40 оқушы қатысып, 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

І дәрежелі диплом иегері:
Аралбай Ұлдана – Жаңақорған ауданы, №229 мектеп;
Смағұлова Қымбат – Сырдария ауданы, №44 орта мектеп
Жақсылық Арайлым – Қызылорда қаласы, №3 мектеп-лицей;
Жиылыс Баян – Қазалы ауданы, №165 орта мектеп;

ІІ дәрежелі диплом иегері:
Қожабаева Әдемі – Қармақшы ауданы, №105 мектеп-лицей
Шариатулла Балнұр – Жаңақорған ауданы, №54 орта мектеп
Нұрылла Ұлдана – Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицей
Сұлтанова Аяулым – Қызылорда қаласы, №7 мектеп-лицей

ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Бақытбек Мағжан – Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицей
Иманғали Тоқжан – Шиелі ауданы, №46 мектеп-лицей
Бәйтерекова Меруерт – Қармақшы ауданы, №105 мектеп-лицей
Зарлықова Жібек – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ
Шәмші Гүлназ – Қармақшы ауданы, №105 мектеп-лицей
Ергешбаев Мағжан – Шиелі ауданы, №46 мектеп-лицей
Тельманқызы Шұғыла – Сырдария ауданы, №42 мектеп-лицей;
Қалмағанбет Назым – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ

Жеңімпаз 4 оқушы 2018 жылдың 1-3 қараша күндері Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультеті базасында өтетін қорытынды кезеңге жолдама алды.

Барлық қатысушыларымыздың ұстаздарына, ата-аналарына алғысымызды білдіреміз.