2018 жылғы 19 қазан күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы, №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында 5-8 сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі» тақырыбындағы үздік сурет байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
• Рухани–адамгершілік және азаматтық–патриоттық тәрбиелеу;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
• Өскелең ұрпақтың арасында «жалпыға бірдей еңбек», «адалдық» және «сатылмаушылық» идеялары түсінігін тарату.
Байқаудың облыстық кезеңіне 21 оқушы қатыстырылып, 10 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.
І дәрежелі диплом иегері:
• Кенжебекқызы Дариға – Қазалы ауданы, №25 мектеп, 8 сынып
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
• Қуанышова Ботакөз – Қармақшы ауданы, №275 мектеп, 6 сынып
• Орақова Гүлниса – Қармақшы ауданы, №279 мектеп, 7 сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
• Комиссияева Аяжан – Арал ауданы, №13 мектеп, 5 сынып
• Тлепова Толғанай – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 6 сынып
• Жұмабай Меруерт – Қазалы ауданы, №103 мектеп, 6 сынып
• Ермекұлы Мұхтарали – Сырдария ауданы, №147 мектеп, 7 сынып
• Қамбар Ақбота – Қазалы ауданы, №226 мектеп, 8 сынып
• Садуақасов Асылбек – Шиелі ауданы, №252 мектеп, 8 сынып
• Әмзеев Әкімхан – Қызылорда қаласы, №222 мектеп, 8 сынып