Жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында облыстық дебат турнирін өткізу ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер 

  1. Ойыншылардың арасында облыстық дебат турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізу ережелері Турнирдің мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
  2. Ережеде қолданылатын ұғымдар:

1) бэллет – ойын қорытындылары жазылған төреші парағы;

2) кейс – шешімді талап ететін нақты фактілерге негізделген мәселелік жағдайдың сипаттамасы;

3) ребатл – қарсыластың сөздерін теріске шығару, қарсы аргументтер мен фактілер келтіру; 

4) резолюция – дебаттағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары;

5) тайм-кипер – бұл спикерлердің сөз сөйлеу уақытын белгілей отырып, ойын ережесінің сақталуын қадағалайтын адам;

6) флоушит – ойын барысында ойыншылардың ақпаратын толтыратын төреші парағы.

  1. Турнирдің мақсаты: ойыншылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
  2. Турнирдің міндеттері:

1) жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, білім беру ұйымдары білім берушілердің арасында академиялық білім деңгейін көтеру,  шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;

2) қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім берушілердің позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту;

3) ойыншылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау және шешудегі жауапкершілік, қатысушылық сезімін қалыптастыру;

4)  Ойыншылар өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту, азаматтық көзқарастарын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;

5) Ойыншылар арасында интеллектуалды жарыстар мен конструктивті пікірталастарды насихаттау, дебаттық клубтар мен педагогтер арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету.

  1. Турнир күндізгі және қашықтық форматтарында өткізіледі.
  2. Турнир ұйымдастырушылары турнирдің ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

2арау. Турнирді өткізу уақыты мен орны 

  1. Турнирдің облыстық кезеңі а.ж 29 қыркүйек күні өткізіледі.
  2. Турнирге қатысу үшін Қызылорда қаласы және аудан бойынша білім бөлімдерінің, облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің басшыларының қолы қойылған өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес а.ж 27 қыркүйекке дейін Турнир ұйымдастырушыларына жіберіледі.

дебаттық турнирі екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – (Мектепішілік) аудандық:

2) екінші кезең облыстық Турнир

Турнирлердің нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған командалар аудандық (қалалық) турнирлерге қатысады. Облыстық турнирлерге аудандық (қалалық) турнирлердің жеңімпаз-командалары қатысады,

 әр ауданнан (қала) 1 команда – 2 адам қатысады.

  1. Карантин кезіндегі турнирдің өңірлік кезеңдері санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей жүргізіледі.

 3-тарау. Турнирді өткізу тәртібі 

  1. Турнирдің өңірлік кезеңдерін өткізу бойынша ұйымдастыру комитеттері Турнирді өткізу шарты мен тәртібін өз бетінше анықтайды.
  2. Турнирдің барлық кезеңдері американдық парламенттік формат ((АПФ) бойынша өткізіледі (2-қосымша).
  3. Турнир екі айналымда өткізіледі. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал.

Бірінші күні іріктеу ойындары 4 раундтан тұрады. Әр раундқа бір қарар беріледі. Іріктеу ойындарында қарсылас командалар жеребе бойынша іріктеледі. Сол командалар іріктеу кезеңінде бір рет кездеседі.

Іріктеу ойындарының төртінші раунды аяқталғаннан кейін негізгі ойындарға дайындық жүргізіледі. Ол үшін әр команданың төрт раундтағы нәтижелері жазылады, ұпайлардың жалпы саны есептеледі және пікірталасқа қатысушылардың әрқайсының дәрежелері оларды қосу арқылы анықталады. Жалпы нәтижесі жиынтық ведомосіне енгізіледі. Іріктеу ойындарының нәтижелері жарияланғаннан кейін ширек финалға шыққан командалар анықталады. Ширек финалға әр тіл тобы бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары шығады.

Ширек Финалда командаларға бір қарар беріледі. Ширек финалдың қорытындысы бойынша жартылай финалға әр тіл лигасы бойынша жеңімпаз командалар шығады. Жартылай финалдың жеңімпаздары финалда кездеседі.

  1. 13. Командалар саны тақ келген жағдайда, жеребе бойынша бір команда «демалады». Өткізілген раунд үшін демалушы команда командалық балл мен орташа спикерлік балды автоматты түрде алады.
  2. Төрешілікті дебаттық клубтардың тәжірибелі дебатерлері қатарынан төрешілер алқасы жүзеге асырады. Төрешілер алқасы ойынды үзуге айрықша құқығы бар турнирдің Бас төрешісін таңдайды. Турнирдің Бас төрешісінің дебат нәтижелеріне қатысты шешімі қалған төрешілердің нәтижелерімен бірдей ескеріледі. Турнир кестесін Бас төреші жасайды.
  3. Турнирдің Бас төрешісінің қарауы бойынша әр раунд үшін төрешілер алқасы үш адамнан құрылады. Ширек финалда, жартылай финалда және финалда дебатты үш – бес төреші бағалайды.

Олардың бірі бас төреші болып тағайындалады, ол Ережеге сәйкес пікірсайысқа қатысушыларды сахнаға шақырады, наразылық туралы мәлімдемелерді қарайды, спикерлерге өз орындарын алуға шақырады және бір тайм-киперді тағайындайды. Тайм-кипер дебатқа қатысушылардың сөз сөйлеуге бөлінген уақытты қалай басқаратынын қадағалайды.

  1. Тайм-кипердің міндеттері:

презентациялық немесе конструктивті сөйлеудің бірінші минуты өткеннен кейін және оның аяқталуына бір минут қалғанда үстелді ұрып тоқтату, тиісінше сөйлеушіге сұрақтар қою немесе түсініктемелер беру мүмкіндігінің пайда болуы/жоғалуы туралы сигнал беру;

сөз сөйлеушілерге олардың қанша минут өнер көрсетіп жатқанын / сөйлеуге қанша уақыт қалғанын (саусақпен немесе белгімен) көрсетеді. Бұл мәселелер туралы ойынды бастамас бұрын пікірсайысшылардың өздерімен келіскен дұрыс;

үстелді екі рет ұру арқылы сөз сөйлеуші қатысушының сөзіне бөлінген уақыт өткені туралы белгі береді;

егер қатысушы уақыт лимитінен 30 секундтан асып кетсе, төрешіге хабарлайды. Төреші оның репликаларын жазуды тоқтатады және сөйлеушіні сөзін аяқтауға және өз орнына орналасуына шақырады;

әрбір сөз сөйлеу аяқталғаннан кейін төрешілерге жаңа ғана сөз сөйлеген пікірсайысшылардың сөзіне бөлінген уақыт лимитінен қаншалықты минут асып кеткенін/толық пайдаланылмағанын хабарлайды.

Төрешілер алқасының бір өкілі телефон камерасына бейнетүсірілім жүргізеді. Турнир қашықтық форматында өткізілсе, бейнежазба жүргізіледі.

  1. Бас төреші раунд 15 минуттан кейін басталатынын хабарлайды. Барлығы тақтаға қарап отырады. Экранда раундтың қарары көрсетіледі. Хабарландырудан кейін ойыншылар қарарды түсініп, істі ойластырып, жақсы дәлелдер дайындауы керек, басқа командалар не айтатынын болжап, бәрін біртұтас етіп біріктіруі керек.
  2. Ойыншылар үшін ақпараттың жалғыз көзі – серіктесі және өздерімен бірге әкелген кез-келген жазбаша материалдар. Ойын барысында интернеттен ақпарат іздеуге және жалпы электронды құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.
  3. Турнир кезінде әр төреші балл мен түсініктемелерді бағалау парағына (ballet) енгізеді (3-қосымша). Төреші раундтың жалғыз және өкілетті төрешісі және оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Егер турнирде төрешілер алқасы 3 төрешіден құралса, бұл жағдайда олар өз шешімдерін 15 минут ішінде бір-бірімен талқылайды, ал төрешілердің көпшілігі дауыс берген командаға жеңіс беріледі.

Пікірсайыстар аяқталғаннан кейін төреші алқалары пікірсайыстарға жалпы баға беруге, қабылданған шешімді түсіндіруге және жақсарту қажет болатын сәттерді көрсетуге міндетті.

  1. 20. Төрешілік өлшемдері:

1) өзектілігі;

2) дәлелденуі;

3) маңыздылығы;

4) шынайылығы.

  1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және спикерлердің жеке сынақтарында анықталады. Жеке раундта жеңіс үшін команда 1 ұпай, жеңіліс үшін – 0 ұпай алады.

Спикерлік сөз сөйлеулер 1-ден 30-ға дейін балдық жүйемен бағаланады.

Балл саны бойынша әр жас санатында тіл тобында Турнирдің үздік спикерлері анықталады.

  1. Турнир ұйымдастырушылары мен Бас төреші сессия залдарында ойын барысын бақылайды. Әр тур аяқталғаннан кейін Бас төреші командаларды келесі турға бөледі, қарарларды жариялайды және қатысушыларды бір сессия залынан екіншісіне ауыстырады.
  2. Төрешілердің шешімі жарияланғаннан кейін командалар келесі ойындарда ескерілетін кері байланыс қалдыра алады.

5-тарау. Қатысушыларды марапаттау

  1. Турнирдің қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Турнирде үздік қатысушылар үш тілдік топта қосымша «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Дебаттық креатив», «Ең сенімді ойыншы», «Ең білімді ойыншы», «Ең тапқыр ойыншы», «Ең мақсатты ойыншы» номинациялар бойынша дипломдармен марапатталады.

 

 1-қосымша 

Республикалық дебаттық турнирге қатысу туралы өтінім

 

р/с

Қатысушының аты-жөні
(толық)

Қатысушының туған күні

Тұратын мекен-жайы

(облыс, қала, ауыл, көше, үй, пәтер номері, телефоны)

Оқыту тілі

Команда аталуы

Жаттықтырушының аты-жөні

(толық), байланыс телефондары