1-тарау. Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне арналған мектеп оқушыларының республикалық пікірсайыс турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізу ережелері мақсатын, міндеттерін, оны өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
- Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Турнирдің міндеттері:
1) балалар мен жастарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өз Отанына қызмет етуі мен адалдығының үздік үлгісінде тәрбиелеу;
2) білім алушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу;
3) жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында академиялық білім деңгейін көтеру, шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту;
5) білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау, өз ұстанымын білдіру дағдыларын, құрылымды диалог пен пікірталас жүргізудің парламенттік мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру;
6) қазақстандық қоғамда орны бар өзекті мәселелерді талдау және қоғамдық талқылау арқылы балалар мен жастарды өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту жұмыстарын жандандыру;
7) оқушылар мен студенттер арасында интеллектуалды жарыстар мен конструктивті пікірталастарды насихаттау, дебаттық клубтар мен педагогтер арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету.
- Ережелерде қолданылатын ұғымдар:
1) беллот – ойын қорытындысы жазылатын төреші парағы;
2) кейс – бұл нақты фактілерге негізделген, шешуді қажет ететін мәселелердің сипаттамасы;
3) клэш – салыстыру кезінде екі идеяның қақтығысы;
4) POI – қарсылас команда спикерінің сұрағы, түсініктемесі, пікірі, түсіндіру туралы өтініші;
5) ребатл – қарсыластың сөздерін жоққа шығару, қарсы дәлелдер мен фактілерді келтіру;
6) резолюция – дебаттағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары;
7) тайм-кипер – бұл спикерлерге уақытты көрсете отырып, ойын ережесінің сақталуын қадағалайтын адам;
8) tabbycat – барлық ірі халықаралық жарыстарда, оның ішінде әлем және Еуропа чемпионаттарында қолданылатын жеребе тарту құралы, көп функционалдылығы мен қолданушылар үшін ыңғайлы болуы арқылы аналогтарынан асып түседі. Турнир кезінде tabbycat платформасында tab-мастер жұмыс істейді;
9) фидбэк – дебат раунды бойынша төреші шешімінің логикасын спикерлерге түсіндіру;
10) флоушит – ойын барысында төреші толтыратын спикердің ақпараты туралы парақ.
- Турнир Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев қорының тапсырысы бойынша «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»-мен өткізіледі.
- Төрешілер алқасы және ұйымдастырушылар комитеті құрамын Турнир ұйысдастырушылары анықтайды.
2-тарау. Турнирдің өткізілу уақыты және орны
- Турнир 2021 жылғы 13 қазан күні өткізіледі.
- Турнирге қатысу үшін білім басқармалары басшыларының қолы қойылған өтінімдер 2021 жылғы 9 қазанға дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштаға қабылданады.
қатысушылар туралы мәліметтер (Т. А. Ә., туған жылы, сыныбы, оқу/жұмыс орны, телефоны), сондай-ақ қазақ және орыс лигалары командаларының жаттықтырушылары туралы деректер.
- Турнирге қатысушылар
- Турнир екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік Турнир;
аудандық (қалалық) Турнир;
облыстық Турнир;
2) екінші кезең – республикалық.
- 9. Турнирдің өңірлік (іріктеу) кезеңдерін өткізу уақыты мен орны аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармалары басшыларының бұйрығымен реттеледі.
Турнирдің өңірлік кезеңдері карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей жүргізіледі.
- 10. Мектепішілік Турнирдің қорытындысы бойынша жоғары балл санын жинаған командалар аудандық (қалалық) турнирлерге қатысады. Облыстық турнирлерге аудандық (қалалық) турнирлердің жеңімпаздары қатысады.
- 11. Республикалық Турнирге облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта білім беру ұйымдары 9-11 сыныптарының білім алушылары қатысады.
- 12. Республикалық Турнирге қатысушылар саны: – әр өңірден (2 команда (4 адам): 1 қазақ тілді команда және 1 орыс тілді команда. Команданы пікірсайыс клубтарымен жұмыс жасау тәжірибесі бар 1 жетекші алып жүреді.
Қатысушылардың және команданы алып жүрушінің іссапар шығыстарын (іссапар орнына бару және қайту жолақысы бойынша шығыстарды) жіберуші Тарап төлейді.
- Турнир өтетін жерге барар жолда, іс-шараны өткізу кезінде және тұратын жеріне қайтар жолда балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік команданы алып жүрушіге жүктеледі.
- Команданы алып жүрушіде өзімен бірге мына құжаттардың көшірмелері болуы тиіс:
1) білім алушыларды, команданы алып жүрушіні турнирге қатысуға жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәліметтер (ТАӘ, туған жылы, сыныбы, оқу/жұмыс орны, лауазымы, команданы алып жүрушінің ТАӘ, ұялы телефондары), сонымен қатар қазақ және орыс лигасының жаттықтырушысы туралы мәліметтер;
3) қатысушылардың, команданы алып жүрушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (куәлік (паспорт) немесе барлық қатысушылардың туу туралы куәліктері;
4) дәрігердің қолымен және мөрімен куәландырылған Турнирге қатысушылардың денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) Турнир қатысушылары мен командаларды алып жүрушілерде өзімен бірге ПТР тестілері болуы тиіс (7 күндік).
- Турнирді өткізу тәртібі
- Турнирдің өңірлік кезеңдерін өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеттері осы Қағидаларға сәйкес турнирлерді өткізу шарттары мен тәртібін дербес айқындайды.
- Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша өткізіледі (2-қосымша).
- Турнир екі айналымда өткізіледі. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал.
Іріктеу ойындары 3 раундтан құралады. Әр раундқа бір қарар беріледі. Іріктеу ойындарында қарсылас командалар tabbycat арнайы бағдарламасы бойынша іріктеледі.
Іріктеу ойындарының үшінші раунды аяқталғаннан кейін негізгі ойындарға дайындық жүргізіледі. Ол үшін әр команданың үш раундтағы нәтижелері жазылады, ұпайлардың жалпы саны есептеледі және оларды қосу арқылы пікірталасқа қатысушылардың әрқайсының дәрежелері анықталады. Жалпы нәтижесі жиынтық тізімдемесіне енгізіледі. Іріктеу ойындарының нәтижелері жарияланғаннан кейін ширек финалға шыққан командалар анықталады. Ширек финалға әр тіл тобы бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары шығады.
Ширек Финалда командаларға бір қарар беріледі. Ширек финалдың қорытындысы бойынша жартылай финалға әр тіл тобы бойынша жеңімпаз командалар шығады. Жартылай финалдың жеңімпаздары финалда кездеседі.
- 18. Командалардың тақ саны болуына байланысты, жеребе бойынша бір команда «демалады». Өткізілген раунд үшін демалған команда командалық балл мен орташа спикерлік балды автоматты түрде алады.
- 19. Төрешілік пікірсайыс клубтарының тәжірибелі пікірсайысшылары арасынан төрешілер алқасы арқылы жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылар төрешілердің бірін турнирдің бас төрешісі етіп анықтайды. Турнирдің бас төрешісі ойындардың кестесі мен тақырыбын айтады, төрешілерді ойындар бойынша бөледі, ойындардың барысын қадағалайды, ойында төрешілік етуге құқылы. Турнир кестесін tab-мастер жасайды.
- 20. Ойын төрешісі пікірталасқа қатысушыларды АПФ регламентіне сәйкес шақырады, ораторлаға орын алуды ұсынады, ойын жүргізеді, ойын қорытындылары туралы шешім қабылдайды, шешім бойынша түсініктеме береді.
- Ойын барысында төреші Тайм-кипер қызметін атқарады.
Тайм-кипер міндетті:
презентациялық немесе конструктивті сөйлеудің бірінші минуты өткеннен кейін және оның аяқталуына бір минут қалғанда үстелді ұрып тоқтату, тиісінше сөйлеушіге сұрақтар қою немесе түсініктемелер беру мүмкіндігінің пайда болуы/жоғалуы туралы белгі беру;
сөз сөйлеушілерге олардың қанша минут сөйлеп тұрғанын / сөйлеуге қанша уақыт қалғанын (саусақпен немесе белгімен) көрсетеді;
үстелді екі рет ұру арқылы сөз сөйлеуші қатысушының сөзіне бөлінген уақыт өткені туралы белгі береді;
егер қатысушы уақыт лимитінен 30 секундтан асып кетсе, төрешіге хабарлайды. Төреші оның репликаларын жазуды тоқтатады және сөйлеушіні сөзін аяқтауға және өз орнына орналасуына шақырады.
- Бас төреші раундтың 15 минуттан кейін басталатынын хабарлайды. Экранда раундтың қарары көрсетіледі. Хабарландырудан кейін ойыншылар қарарды түсініп, кейсті ойластырып, жақсы дәлелдер дайындауы керек, басқа командалар не айтатынын болжап, бәрін біртұтас етіп біріктіруі тиіс.
- Ойыншылар үшін ақпараттың жалғыз көзі – серіктесі және өздерімен бірге әкелген кез-келген жазбаша материалдар. Ойын барысында интернеттен ақпарат іздеуге және жалпы электронды құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- Турнир кезінде әр төреші балл мен түсініктемелерді төрешінің парағына (ballot) енгізеді (3-қосымша). Төреші раундтың жалғыз және өкілетті төрешісі және оның шешімі түпкілікті болып табылады.
- Төрешілік өлшемдері:
1) релеванттылығы;
2) дәлелденуі;
3) маңыздылығы;
4) шынайылығы.
Төрешілер кейстердің сапасын және мазмұнын бағалайды. Командаларға аргументтер, фактілер және ақпараттың үлкен көлемі үшін басымдылық берілмейді.
- Жеңімпаздар командалық және жеке спикерлік сынақтарда анықталады. Жеке раундтағы жеңісі үшін команда 1 ұпай, жеңіліс үшін – 0 ұпай алады.
Спикерлік сөз сөйлеулер 1-ден 100-ге дейінгі балдық жүйемен бағаланады.
Балл саны бойынша әр тіл тобында Турнирдің үздік спикерлері анықталады.
- 27. Төрешілердің шешімі жарияланғаннан кейін командалар келесі ойындарда ескерілетін төрешіге пікірлерін қалдыра алады.
- Қатысушыларды марапаттау
- 28. Турнирдің қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды және турнирдің үздік спикерлерін анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен, үздік спикерлер дипломдармен, барлық қатысушы командалардың жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталады. Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.
Турнирдің үздік қатысушылары «Үздік оратор», «Үздік сарапшы», «Ең тапқыр ойыншы», «Ең сенімді ойыншы», «Ең білімді ойыншы», «Ең мақсатты ойыншы», «БАҚ және әлеуметтік желілеріндегі үздік жарықтандыру үшін» қосымша номинациялар бойынша дипломдармен марапатталады.
- Турнирді қаржыландыру
- 2 Турнирдің аудандық (қалалық), облыстық кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.