“Robo Fest – ORDA” облыстық фестивалінің ЕРЕЖЕСІ


Жарыс қорытындысы

Жеңімпаз болып табылады, егер:

      • Q старт алаңынан бастаған робот, сызық бойымен жүріп өтіп, қарсылас J старт алаңына жетсе;
      • J старт алаңынан бастаған робот, сызық бойымен жүріп, қарсылас роботқа (Q) жеткен жағдайда.

Әрбір қатысушы жобаға қажетті құрал-жабдықтарды (І және ІІ кезеңге қажетті робот жиынтықтары, баннер-алаңдар, ноутбук, электр ұзартқыштар және т.б) материалдарды өздері әкелуі қажет.

Фестиваль жұмыстарын бағалау критерийлері:

– бірегейлігі және шығармашылық тұрғыдан келуі;

– конструкцияның техникалық күрделілігі;

– қозғалмалылығы мен қызметі;

– сипаттамасының сапасы – нақтылығы;

– жұмыстың эстетикалық безендірілуі;

– презентацияның деңгейі.

Барлық кезеңдерде жылдамдық бағаланады.

Фестивальді ұйымдастыру комитеті

         Фестивальді өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (әрі қарай – ұйымдастыру комитеті )

         Ұйымдастыру комитеті:

  • Фестивальдің дайындалуы мен өткізілуін тікелей басшылық жасап, жүзеге асырады;
  • Қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
  • Фестивальға қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды.
  • Фестивальді өткізу формасын айқындайды;

Фестивальға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды. Карантин кезінде байқау санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып өткізіледі.

Байқауға қатысатын командалар есіне:

 Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейджиктері болуы керек.

Фестивальді қорытындылау

         Қатысушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына қатысуға өтінім беруі қажет. Өтінім 2021 жылдың 9 қазанына дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Фестиваль қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қатысушының толық аты – жөні

Туған күні, айы,жылы

Мектебі, сыныбы

Қатысатын категориясы

Жетекшінің аты – жөні, жұмыс орны қызметі, телефон номері