Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережесі оны өткізудің мақсатын, міндеттерін, форматын және тәртібін анықтайды.
  3. Мақсаты: музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
  4. Міндеттері:

жас музыканттардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;

әр түрлі музыкалық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыру, қоғамдық тану үшін мүмкіндіктерін кеңейту;

музыка өнері саласында балалар шығармашылығын дамытуды ынталандыру;

балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

классикалық, халықтық және заманауи музыкаға деген қызығушылықты дамыту.

  1. Фестиваль-байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтан өткізеді.
  2. Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамдарын фестиваль-байқаудың ұйымдастырушылары қалыптастырады.
  3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі
  4. Фестиваль-байқау 2022 жылғы 11 ақпан күні өткізіледі.

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған фестиваль-байқауға қатысу туралы іліспе хат пен өтінімдері 2022 жылғы 4 ақпанға дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жолдайды.

Хатқа қоса:

1) Фестиваль-байқаудың аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық форумға қатысуы туралы өтінімі, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымы, жауапты жетекші толық Т.А.Ә., жетекшінің байланыс телефон нөмері);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жіберіледі.

  1. Фестиваль-байқауға қатысушылар
  2. Фестиваль-байқауға дербес балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің, сондай-ақ оқушылар сарайлары мен үйлері жанындағы музыка мектептерінің қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра тенор, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) бөлімдерінің білім алушылары – солистері және ансамбльдері қатысады.
  3. Қатысушылардың жалпы саны – (9 солист, 13 адамнан кем болмайтын 1 музыкалық ұжым (қазақ немесе орыс халық аспаптары ансамблі).

Аудандық, қалалық білім бөлімдері қатысушыларының жалпы саны тапсырысқа сәйкес болуы керек. Тапсырыс тіркеледі. Музыкалық ұжым құрамында 1 педагог қатыса алады.

  1. Фестиваль-байқаудың шарттары мен тәртібі
  2. Фестиваль-байқаудың іріктеу кезеңдері:

1) бірінші кезең-аудандық, (қалалық), облыстық;

2) екінші кезең-Республикалық фестиваль-байқау;

 

10.Облыстық конкурс келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:

1) кіші жас тобы – 7-10 жас;

2) орташа жас тобы – 11-13 жас;

3) жоғары жас тобы – 14-17 жас.

Қатысушылардың жасы  төмендегідей анықталады.

  1. Кіші жас тобына байқауға қатысушыларға қойылатын бағдарламалық талаптар музыка мектебінің ІІІ сыныптан, орта жас тобының ІV сыныптан, жоғары жас тобының V сыныптан білім алушылар үшін бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.
  2. Фестиваль-байқаудың музыкалық ұжымының құрамына жоғары сынып оқушылары қатысады.

Бұл ретте ансамбльге қатысатын тұлғаларға, жоғары жас тобы солисті ретінде қатысуға рұқсат етіледі. Әрбір аудандық, қалалық білім бөлімдері қатысушылардың жалпы саны тапсырыста белгіленген нормалардан аспауы тиіс.

Музыкалық ұжымның құрамында дирижер немесе орындаушы (концертмейстер) ретінде 1 педагогтің қатысуына жол беріледі.

  1. Білім басқармасы www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалдың сілтемесін фестиваль-байқауды ұйымдастырушыларға kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жібереді.

Бейнеролик сапалы, тоқтаусыз жазылуы керек. Кіші және орта топ үшін бір сілтеме, үлкен топ үшін екі турға екі сілтеме болуы тиіс, бұл ретте бір қатысушының жұмысын бөлуге және «қиюға» жол берілмейді. Видеоны  бірыңғай үздіксіз түсіруі,  қатысушының алдыңғы жағынан беті, екі қолы көрініп тұруы керек.

  1. Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
  2. Фестиваль-байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
  3. Облыстық фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар облыстық білім бсқармасының гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Сондай-ақ, «Сахналық шеберлігі үшін», «Жарық жұлдыз», «Өнерді сүйгені үшін», «Әртістігі үшін» номинациялары бойынша қосымша марапаттау қарастырылған.

  1. Анықтама телефондары мен мекен-жайы: 8(7242) 27-08-21, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі №2.

Толық ақпараттар бойынша таныса аласыз: