Архивы автора

7-9 сынып оқушыларына арналған А.Фейзулдаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық пәндік олимпиадасының қорытындысы туралы

2018 жылғы 21 қараша күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернаты базасында Сыр елінің біртуар азаматы, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Қазақстан Республикасының «Оқу үздігі» белгісінің иегері Фейзулдаев Арасат Фейзілдаұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ·         Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; …

Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындысы туралы

13-16 қараша аралығында Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті базасында жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңі өткізілді. Қорытынды кезеңге облысымыздан қатысқан 5 оқушы қатысушы сертификатына ие болды. № Қала/аудан Тегі, аты, әкесінің аты Мектеп № Сыныбы 1 Қармақшы Кикбаев Нұрбек …

“Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері” тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 7-9 қаңтар аралығында Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді. Семинардың мақсаты – мұғалімнің тәжірибесін, білімін жетілдіру,  педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру. Семинар аясында 8 …

«Қызылорда облысында туризмді дамыту» тақырыбында облыстық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы туралы

2018 жылғы 9 қараша күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы, №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында «Қызылорда облысында туризмді дамыту» тақырыбында облыстық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты мен міндеттері: – Оқушылардың Қызылорда облысындағы ішкі туризмді дамыту және елді-мекендердегі туристік орындарды және стратегиялық бағыттарды анықтау саласы бойынша қызығушылығын арттыру; – …

“Логикалық ойлауды жаттықтыру” тақырыбындағы онлайн сабақ

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы 2018 жылғы 9 қараша күні сағат 11.00-де “Логикалық ойлауды жаттықтыру” тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізеді.  Сабаққа үйден оқитын оқушылар қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады.  Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі. Дайындық 10.30-да

“Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар” тақырыбындағы онлайн сабақ

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы 2018 жылғы 8 қараша күні сағат 11.00-де “Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар” тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізеді.  Сабаққа үйден оқитын оқушылар қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады.  Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі. Дайындық 10.30-да