Архивы автора

СЫРДАРИЯ: Әдістемелік семинар өткізілді

Сырдария аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 20 желтоқсан күні №42.Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп – лицейінде «Өзін – өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыра оқытудың мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға 17 мектептен өзін – өзі тану пәні мұғалімдері, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Бақтиярова қатысты. 4 мұғалім сабақтар көрсетіп, көрме, тренинг, іс – шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар №37 …

«Фариза оқулары» тақырыбындағы жалпы білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушыларына арналған көркемсөз байқауының қорытындысы

2018 жылғы 19 желтоқсан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен №136 мектеп-лицей базасында «Фариза оқулары» тақырыбындағы жалпы білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушыларына арналған көркемсөз байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық байқауға аудандық/қалалық және облыстық мекемелерден 29 оқушы (Арал-3, Қазалы-3, Қармақшы-3, Жалағаш-3, Сырдария-2, Шиелі-3, Жаңақорған-3, Қызылорда-3, №4 ОДМИ-3, №10БИЛ-3) қатысып, …

“Жаңа жыл түнінде өртке жол берме” тақырыбында онлайн сабақ

Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы 2018 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 11.00-де «Жаңа жыл түнінде өртке жол берме» тақырыбында онлайн режимінде интерактивті сабақ өткізеді. Сабаққа мектеп мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады.  Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі.Дайындық 10.30-да

Үйден оқитын оқушыларға арналған “Үй жануарлары” тақырыбындағы онлайн сабақ

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы 2018 жылғы 19 желтоқсан күні сағат 11.00-де “Үй жануарлары” тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізеді.  Сабаққа үйден оқитын оқушылар қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады.  Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі.Дайындық 10.30-да

Үйден оқитын оқушыларға арналған “С дыбысын машықтандыру” тақырыбындағы онлайн сабақ

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы 2018 жылғы 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де “С дыбысын машықтандыру тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізеді.  Сабаққа үйден оқитын оқушылар қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады.  Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі.Дайындық 10.30-да

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы

2018 жылғы 5 желтоқсан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті.  «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты …

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы

2018 жылғы 4 желтоқсан күні №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Ғылыми жобалар конкурсының мақсаттары мен мiндеттерi:1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету. Жалпы …