Рубрика «Цифрлы Қазақстан»

“Электронды балабақша” автоматтандырылған ақпараттық жүйесі” вебинары

2018 жылғы 12 қазан күні сағат 13.00-де “Электрондық балабақша” автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша жауапты мамандарға онлайн түрінде вебинар өткізіледі.  Вебинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері қатысуы қажет. Вебинарға қатысу үшін https://events.webinar.ru/4535383/1588697 сілтемесінде электронды пошта арқылы алдын ала тіркелу қажет.

Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары

2018 жылғы 26 қыркүйек күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен орталықтың мәжіліс залында арнайы және мамандандырылған облыстық білім беру мекемелеріне «Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру» туралы семинар өткізілді.Семинарға Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық талдау» бөлімінің жауапты бас маманы Бағланова Гүлназ қатысты.Семинардың мақсаты: Ұлттық білім беру деректер қорымен сауатты түрде жұмыс атқарудың маңыздылығын …

“Азаматтық қорғау саласындағы оқыту, ақпараттандыру және білімді насихаттау” онлайн сабағы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, 2018 жылғы 26 қыркүйек күні сағат 11.00-де «Азаматтық қорғау саласындағы оқыту, ақпараттандыру және білімді насихаттау» тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізеді.  Сабаққа мектеп мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады.  Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі.Дайындық 10.30-да