Мектеп құрылысында МЖӘ тәжірибесі кеңінен таратылады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жүйесін білім саласында кеңінен пайдалануды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Білім беру саласы бойынша балабақшаларды орындармен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің үздік үлгілерінің бірі деп айтуға болады. Бүгінгі таңда балабақшалардағы орындардың 40 пайызға жуығын жеке сектор беріп отыр, оларда 307 мыңнан астам бала қамтылған. Балабақшалар үшін …