БИЫЛ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУҒА БЮДЖЕТТЕН 3 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ
Биыл Жастар жылына орай жас ғалымдарды қолдауға бюджеттен 3 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен кездескен Мәжіліс депутаттары айтты. Олар жастардың ғылыммен айналысуына, аграрлық саланы қолдауға барынша ықпал жасайтындарын жеткізді. Халық қалаулылары ауылды көркейтуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың әлі де шикі тұстары көп екеніне тоқталды. Мәселені тиімді шешу жолдарын жастармен бірге талқылап, …