7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы облыстық пәндік олимпиада
2018 жылғы 13 сәуір күні Қызылорда қаласындағы №278 орта мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы облыстық пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: 1. Оқушылардың шығармашылық оқу әрекетіне деген құлшынысы мен қызығушылықтарын арттыру; 2. Дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай …