Архивы автора

«Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» атты облыстық шығармалар конкурсы туралы

2018 жылғы 26 қазан күні Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» атты облыстық шығармалар конкурсы (сырттай) өтеді. Конкурстың мақсаты мен міндеттері – Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру, білім беру мен …

Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылғы 3 қазан күні “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицей базасында Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Турнирдің өткізілу мақсаты – жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушылардың деңгейін айқындау және қолдау, турнирдің жеңімпазын анықтап, қорытынды кезеңде Сыр үмітін ақтайтын жас шахматшыларды іріктеу. …

Математика және физика пәндері бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиада

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2018 жылғы 23-25 қазан аралығында РҒПО «Дарын» Кубогына математика және физика пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиада өткізеді. Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен …

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Сыр дарындыларымен кездесті

2018 жылғы 28 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова мен облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы және бірқатар қоғам қайраткерлері 2017-2018 оқу жылындағы халықаралық, республикалық ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздарымен кездесті. Дарынды оқушыларымыз өздерінің жыл бойы айналысып жүрген жобаларымен таныстырып өтсе, …

Президенттік олимпиаданың аймақтың кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 26 қыркүйек күні Қызылорда қаласы, №9 және №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаттары базасында жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті.  Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері:  1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және …

Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары

2018 жылғы 26 қыркүйек күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен орталықтың мәжіліс залында арнайы және мамандандырылған облыстық білім беру мекемелеріне «Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру» туралы семинар өткізілді.Семинарға Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық талдау» бөлімінің жауапты бас маманы Бағланова Гүлназ қатысты.Семинардың мақсаты: Ұлттық білім беру деректер қорымен сауатты түрде жұмыс атқарудың маңыздылығын …

“Азаматтық қорғау саласындағы оқыту, ақпараттандыру және білімді насихаттау” онлайн сабағы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, 2018 жылғы 26 қыркүйек күні сағат 11.00-де «Азаматтық қорғау саласындағы оқыту, ақпараттандыру және білімді насихаттау» тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізеді.  Сабаққа мектеп мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады.  Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі.Дайындық 10.30-да

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған “Адам және табиғат” ойын-конкурсы

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15-23 қараша аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған “Адам және табиғат” ойын-конкурсы өткізіледі. Ойынның тақырыбы – “Ертегілер әлемі”.  Конкурсқа қатысатын әр балаға түрлі-түсті тапсырмалар буклеті, жауап бланкісі және сертификат табысталады. Буклетте 15 тапсырма беріледі. Тапсырмаларды орындау уақыты – 30 минуттан аспау қажет. Конкурсқа қатысу ақылы, ерікті түрде …

“Функционалдық сауаттылыққа негізделген адами құндылықтарды қалыптастыру” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 7-8 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған білім беру ұйымдары мен “Дарын” аймақтық ғылыми-практикалық орталығының үздік іс-тәжірибелерін республикаға тарату мақсатында “Функционалдық сауаттылыққа негізделген адами құндылықтарды қалыптастыру” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді. Семинардың мақсаты – семинарға қатысушыларды Қазақстан Рсепубликасының білім беру сапасын жетілдіру үшін негізгі бағыт ретінде …