Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған “Адам және табиғат” ойын-конкурсы

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15-23 қараша аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған “Адам және табиғат” ойын-конкурсы өткізіледі. Ойынның тақырыбы – “Ертегілер әлемі”. Конкурсқа қатысатын әр балаға түрлі-түсті тапсырмалар буклеті, жауап бланкісі және сертификат табысталады. Буклетте 15 тапсырма беріледі. Тапсырмаларды орындау уақыты – 30 минуттан аспау қажет. Конкурсқа қатысу ақылы, ерікті түрде …