Математика және физика пәндері бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиада

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2018 жылғы 23-25 қазан аралығында РҒПО «Дарын» Кубогына математика және физика пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиада өткізеді. Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен …