3-11 сынып оқушыларына арналған “Золотое руно” халықаралық ойын конкурсы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15-18 ақпанда жалпы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында әлем мәдениеті тарихы бойынша “Золотое руно” (Алтын жабағы) халықаралық ойын конкурсы өткізіледі. Конкурстың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың әлемдік көркем мәдениет тарихына қызығушылығын дамыту, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың мәдени кеңістігін кеңейту, оқушылардың танымдық белсенділігінің нысандарын кеңейту, мектептен тыс жұмысты белсендіру. Конкурсқа қатысу ақылы, ерікті түрде …