«Экология және біз» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе конкурсының қорытындысы
2020 жылдың 4 қараша күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында ауыл мектептерінің 6-9 сынып оқушылары арасында «Экология және біз» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе конкурсы өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері: Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастырумен қатар, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті …