Рубрика «Digest»

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР КРЭНФИЛД УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА БАРАДЫ

Жуырда Астана қаласында оқушылар арасындағы транспорт саласындағы білімдерін тереңдету және осы салаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған байқау өтті. Қызылорда облысынан физика-математика және жаратылыстану ғылымы саласында жетістіктері бар «Мұрагер» мектебінің 10 сынып оқушысы Евгений Демиденко,  №9 “Білім-инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушылары –Шарип Дамир және Орынбай Сұлтан,  аталған лицей-интернатының оқытушысы, команда жетекшісі Бимұханбет Ернар қатысып қайтты. Байқау …

Е-ДДО ЭЛЕКТРОНДЫ БАЗАСЫ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ?

Технологияның қарыштап дамыған заманында оған ілесіп жұмыс жасау керек-ақ. Осы орайда, Қызылорда қаласының білім бөлімі тарапынан «Е-ДДО» тұғырнамасы базасында «Data Evolution» ақпараттық жүйесімен «Балаларды балабақшаға автоматты түрде бөлу жүйесі» туралы жобасы қолға алынды. Бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, бүгінде бұл бағдарлама өз жұмысын жүзеге асыруда. Аталған жобаның мақсаты: балабақша жұмысын автоматтандыру процесіне көшіру; балаларды кезекке қою …

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫРЕСЕЙЛІК ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Мәскеу облысы Королев қаласында «Адам-Жер-Ғарыш» саласындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының XІХ Жалпыресейлік «Созвездие» олимпиадасы өткізілді.  «Созвездие» олимпиадасының негізгі мақсаты экологиялық бағытта ойлайтын, сауатты эстетикалық талғамды және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс- шараларға қатысуға деген ұмтылысы бар ХХІ ғасырдағы жетілген үйлесімді тұлғаның шығармашылық жағынан жан-жақты дамуын қалыптастыру. Сонымен қатар, балалар мен жастардың инженерлік- …

“СЫР ДАРЫНЫ” БІЛІМДІЛЕР АКАДЕМИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Ұлт Көшбасшысының «Келешекке кемел біліммен» деп мұғалімдерге артқан сенімін ақтай отырып, білім беруді тәрбиемен жаңаша ұштастырып, оның сапасын көтеру – мәртебесі биік, маңызы зор жалпыұлттық мүдде.   Сыр өңірінің білікті де білімді ұстаздарының тынбай ізденуінің арқасында мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік оқушылар саны артып келеді. Шәкірттеріміз республикалық, халықаралық деңгейдегі білім бәсекелерінде алдыңғы қатардан көрініп жүр.  Аймақта …

АУДАН ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов Қостанай қаласында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін қабылдады. Республикалық қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша ауданымыздың үш оқушысы жүлделі орындарды иеленген болатын.   Атап айтқанда қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі пәнінен №272 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ғалымжанова Айдана мен орыс тілінде оқытатын мектептегі …

BILIMLAND РЕСУРСТАРЫ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ АКТ-НЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында Алматы қаласындағы «Bilim Media Group» компаниясының тренері, «Қазақ тілінде контент әзірлеу» департаменті басшысы Айнұр Бәрібаеваның ұйымдастыруымен «BilimLand» бағдарламасы бойынша «BilimLand ресурстары – білім берудегі АКТ-ның басты құралы» тақырыбында институттың 48 профессорлық-оқытушылық құрамы мен бөлім қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг барысында тренер электронды …

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАРЫСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өтіп жатқан «Жас ғалым» халықаралық жобалар байқауында қызылордалық оқушылар үздік атанды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ізденімпаз балалардың ғылым бәйгесінде «Мұрагер» мектебінің оқушысы Дінмұхамед Ақпан “Риманның гипотезасы және оның салдары, қасиеттері және шешімі” атты ғылыми жұмысы үшін 1 орынды жеңіп алды. Осы мектептің тағы бір оқушысы Евгений Демиденко “Биологиялық процестердің 4D модельдерін әзірлеу” …