ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫРЕСЕЙЛІК ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Мәскеу облысы Королев қаласында «Адам-Жер-Ғарыш» саласындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының XІХ Жалпыресейлік «Созвездие» олимпиадасы өткізілді. «Созвездие» олимпиадасының негізгі мақсаты экологиялық бағытта ойлайтын, сауатты эстетикалық талғамды және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс- шараларға қатысуға деген ұмтылысы бар ХХІ ғасырдағы жетілген үйлесімді тұлғаның шығармашылық жағынан жан-жақты дамуын қалыптастыру. Сонымен қатар, балалар мен жастардың инженерлік- …