Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22 ақпаны күні орталық базасында Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. М.Мақатаев оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері – Республиканың жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, …