Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат
2018 жылғы 3 қазан күні “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицей базасында Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Турнирдің өткізілу мақсаты – жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушылардың деңгейін айқындау және қолдау, турнирдің жеңімпазын анықтап, қорытынды кезеңде Сыр үмітін ақтайтын жас шахматшыларды іріктеу. …