“Функционалдық сауаттылыққа негізделген адами құндылықтарды қалыптастыру” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар
“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 7-8 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған білім беру ұйымдары мен “Дарын” аймақтық ғылыми-практикалық орталығының үздік іс-тәжірибелерін республикаға тарату мақсатында “Функционалдық сауаттылыққа негізделген адами құндылықтарды қалыптастыру” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді. Семинардың мақсаты – семинарға қатысушыларды Қазақстан Рсепубликасының білім беру сапасын жетілдіру үшін негізгі бағыт ретінде …