Жеңістің 75 жылдығына орай 1-6 сынып оқушылары арасында өткен облыстық сурет байқауының қорытындысы
2020 жылдың 4-8 мамыр аралығында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 1-6 сынып оқушылары арасында «Елдік пен ерлік мекені» тақырыбындағы қашықтықтан сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері Оқушыларды екінші дүние жүзілік соғыстағы жеңіс туын көтерген тарихи сәттерді бейнелету арқылы Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру. Жас суретшілердің талабын шыңдау. …