«Мен елімнің ертеңімін» атты облыстық сурет байқауының қорытындысы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 4 маусым күні орталық базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушыларына арналған «Мен елімнің ертеңімін» атты облыстық сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту. Балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру; …